ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ
2026 жылғы 5–7 қазанда Грекияның Салоники қаласында 4th International Conference on Crimean-Congo Hemorrhagic Fever (4th IC-CCHF) халықаралық конференциясы өтті. Халықаралық конференция Крым-Конго геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы, диагностикасы, алдын алу және зерттеу бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ осы саладағы жетекші ғалымдар мен мамандар арасында тәжірибе және ғылыми нәтижелер алмасуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Институтымызда жүріп жатқан «Конго-Қырым […]
«БҚПҒЗИ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ИСПАНИЯДАҒЫ 20TH ВАКЦИНА КОНГРЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҰСЫНДЫ
2026 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында Испанияның Севилья қаласында Вакцинология саласындағы заманауи жетістіктер мен перспективалық бағыттарға арналған 20th вакцина конгресі – Халықаралық ғылыми конгресс өтті. Іс-шара аясында «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері Институттың ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Зертхана меңгерушісі Е. Болатов «ҚР балық және мал шаруашылығы шаруашылықтарының жұқпалы және паразиттік […]
Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің, ұлттық бірлік пен жасампаздықтың символы. Елордамыз еліміздің тұрақты дамуының, өркендеуі мен болашаққа деген сенімді қадамының айқын көрінісі болып табылады. Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке мен толағай табыс тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! […]
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заңның қабылдануы отандық ғылымды дамыту мен заманауи ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Құжат ғылыми […]
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Медицина қызметкері күніне орай «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Бас директоры Жугунисов Қуандық Дәулетбайұлы Институттың бірқатар ғылыми қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары мен төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Атап айтқанда, «Микроағзалар коллекциясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері Азанбекова Мөлдір Әбділдәқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Микроағзаларды өсіру технологиясы» зертханасының ғылыми қызметкері […]
«БҚПҒЗИ» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және корпоративтік этика мәселелері бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 12 мамырда «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің конференц-залында: «Институттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және корпоративтік этикасы: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысы және қызметкерлердің жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, адалдық қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Институттың ішкі нормативтік құжаттарының […]
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі ғалым Орынбаев Мұхит Бармақұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды. “Құрмет” ордені — ғалым Мұхит Бармақұлының ғылым саласына сіңірген өлшеусіз еңбегінің, көпжылдық ғылыми қызметінің және отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі. Мұхит Бармақұлын жоғары мемлекеттік […]
ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕГЕН ЖЕТІ ЖЫЛ
Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді. […]
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ МАРОККОДАҒЫ ПАСТЕР ИНСТИТУТЫНА БАРДЫ
2–7 ақпан аралығында Марокко Корольдігінде «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өкілдерінің Марокко Пастер институтындағы (Institut Pasteur du Maroc) әріптестерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Саулекүл Сайлауовнаның қолдауымен ұйымдастырылды. Аталған кездесуге Институт тарапынан: Жугунисов К.Д. – БҚПҒЗИ бас директоры; Мырзахметова Б.Ш.- […]
ЖАНУАРЛАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ЖӘНЕ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ БАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ-ЖҮЙЕЛЕР
Атауы Сиырдың шешек вирусын нақты уақыттағы полимеразды тізбекті реакция әдісімен диагностикалауға арналған тест-жүйе (№ҚР-ВП-2-5637-25 2025 жылғы 30 мамырдағы. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2030 жылғы 30 мамырға дейін 5 (бес) жыл мерзімге берді) Жиынтық құрамы Нақты уақыттағы ПТР әдісімен сиыр шешек вирусын диагностикалауға арналған сынақ жүйесі реагенттердің екі жиынтығын қамтиды: – ДНҚ […]
Фото галерея
Ссылки на сайты




















