Тарихы

Институттың құрылу тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының аяғынан басталып, қалыптасуы мен дамуы тұрғысында екі кезеңнен тұрады. 1956 бастап 1991 жылдар аралығындағы «кеңестік» деп аталатын кезең және 1992 жылдан бастап қазіргі кезең.

КСРО АШМ Ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты» (АШҒЗИ) КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 7 тамыздағы Қаулысымен және КСРО Ауылшаруашылығы министрі В. Мацкевичтің 1958 жылғы 18 қыркүйектегі №253 бұйрығымен екі зертхананың негізінде, яғни Бүкілодақтық өсімдікті қорғау институтының ғылыми-сынау станциясы және КСРО АШМ Ветеринариялық ғылыми-зерттеу зертханасы негізінде құрылған.

АШҒЗИ-ын құрудағы негізгі алғышарт – КСРО оңтүстігіндегі шекараларды, оның ішінде Орта Азия аймақтары мен Қазақстанды шекаралас мемлекеттерден енуі мүмкін ауылшаруашылығы және жабайы жануарлардың аса қауіпті ауруларынан қорғау қажеттігі болды.   

АШҒЗИ-ын ұйымдастыру тарихы, негізі, кейінгі жылы АШҒЗИ бірінші директоры болып тағайындалған, ветеринария ғылымдарының кандидаты Мадатов Рубен Иванович Ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының директорының міндетін атқарушы болып тағайындалуы туралы 1957 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 бұйрықтан басталады.

Осы лауазымда Р.И. Мадатов азғантай (1958-1960 жылдар), бірақ, институттың зертханалық корпустары мен тұрғын қалашықтың қалануы мен құрылысы сияқты маңызды кезеңінде жұмыс атқарды.

Кейінгі жылдары Ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұжымын полковник, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Степан Трофимович Рягин (1960-1964 жылдары), ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Бурдов (1964-1972 жылдары), ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Александр Семёнович Гринин (1972-1977 жылдары), биология ғылымдарының докторы, профессор Фёдор Петрович Курченко (1977-1988 жылдары), биология ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Алексеевич Гусев (1988-1992 жылдары), ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Сейдигапбар Мамадалиевич Мамадалиев (1992-2010 жылдары), ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР АШҒА академигі Абылай Рысбайұлы Сансызбай (2010-2018 жылдары), профессор, биология ғылымдарының докторы Кунсулу Дальтоновна Закарья (2018-2022 жылдары), профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Ерғали Орынбасарұлы Абдураимов (2022-2023 жылдары) сияқты тәжірибелі ғалымдар басқарды. 2023 жылдың 17 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №56 ж/в бұйрығымен Аслан Амангелдіұлы Керімбаев бас директор болып тағайындалды.

Ғылыми қызметінің алғашқы күндерінен бастап ұжым ветеринариялық вирусология және ауылшаруашылық фитопатология салаларындағы күрделі мәселелерді шешуге кірісіп кетті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттылығы мақсатты зертханалар мен ветеринария («В» секторы») және өсімдіктану («Р» секторы, орысша «растениеводство» сөзінен) секторларын түзуді талап етті.

(Суреттегі мәтін – Институт аумағындағы әкімшілік ғимараттар мен зертханалық корпустардың орналасуы, 1966 жыл)

АШҒЗИ ұжымы жұмысының бастапқы кезеңі инженерлік кадрларды тарту қиыншылықтарымен, жабдықтар мен реагенттермен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеумен және тұрғын үй жеткіліксіздігімен байланысты болды. Келесі жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, 1966 жылы аяқталды. Тұрғын үйлерден бөлек, қалашықта поликлиника, бала бақша, мектеп, мәдениет үйі, дүкендер, пошта мен қазандық (котельная) салынды. Нақты айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымы бар біртұтас ғылыми қалашық, сонымен қатар, сол уақыттағы биологиялық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың барлығына сай келетін мекеме салынды. Институт аумағы тәулік бойы КСРО ІІМ-інің жеке взводымен күзетілді. Онан кейін, 1970 жылдардың басында, өзге республикалардан әскери бөлімдерді қалашыққа орналастыру басталып, кенттің бақылануы мен тіршілігінің қамтамасыз етілуі КСРО-ның, кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілді.

Құрылымы бойынша АШҒЗИ өзіне қойылған міндеттерді өз бетінше орындауға мүмкіндігі бар толықтай дербес ұйым болып табылды. Жоғары білікті ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында АШҒЗИ-ына мақсатты және жоспарлы түрде КСРО жетекші ЖОО-ынан жас мамандар жіберілді. Көбінше олар Мәскеу ветеринариялық академиясының, Воронеж университетінің, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, Алматы зооветеринариялық институтының түлектері, сонымен қатар, КСРО-ның басқа да ғылыми-зерттеу институттарының мамандары болатын.

Алғашқылардың бірі болып институтқа (1958 ж.) кіші ғылыми қызметкер лауазымдарына Петр Дмитриевич Афанасьев, Зинаида Михайловна Лукьянова, аға зертханашы лауазымдарына – Вера Пантелеймоновна Литвинова, Евдокия Михайловна Карасёва, зертханашы-дәрігер Владимир Петрович Карасёв қабылданды. 1959 жылы АШҒЗИ-ында жұмыс атқаруға Рудольф Абрамович Кирюхин, Александр Иванович Ануфриев, Нина Леонидовна Дегтяренко, Иван Григорьевич Кекух, Вера Григорьевна Кекух, Николай Иванович Павлов, Лариса Ивановна Павлова келді. 1960 жылы Цырен Цыбекжапович Хандуев АШҒЗИ-ына бағытталып, зертханалардың бірін басқарды, кейін директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 1961 жылы Мәскеу ЖОО-дарынан, кейін келе институттың ғылыми жетістіктеріне елеулі үлесін қосқан Владимир Никифорович Иванющенков, Инга Васильевна Иванющенкова, Лина Александровна Фигура (Быкова), Вячеслав Васильевич Башаев сияқты мамандардың тобы келді. Қазақстандық жоғарғы оқу орындары арасынан 1964 жылы ҚазМУ-дан Валентин Лукьянович Зайцев және 1965 жылы Игорь Николаевич Титов шақырылды.

Суреттегі мәтін: Естелік фотография. Институт ұжымымен бірге Ф.П. Курченко АШҒЗИ-ын жаңа директор А.А. Гусевке тапсырғаннан кейін. Ортада Ф.П. Курченко, Г.И. Кобыльский, Г. Кобыльская, Б.Г. Оксененко, Е.Н. Троицкий, Г.С. Туров, А.Ф. Алехин, Е.Г. Башаева, Л.Н.Пасечников, Г.Н.Куликова, сол жағында Ш.К. Куляшбекова, Л.А. Копа, М.Н. Васецкая, Л.И.Павлова, Н.И. Марченко, В.А. Копа, В.И. Приходько, Ю.М. Гононов, А.И. Благарь, А.В. Бочарников, оң жағында В.И: Кекух, Г.М. Семёнова, В.Л. Зайцев, В.А. Борисов, М.Г. Лохматов, В.В. Башаев, А.Ф. Савинков, Н.И. Павлов және басқа қызметкерлер, 1989 жыл

1992 жылға дейін Институт КСРО АШМ құрамында болды. Кеңес одағының күйреуі мен ғылыми кадрлардың кетісі АШҒЗИ-ының қызметіне өзгерістер енгізіп, институттың дамуының екінші кезеңіне жол берді. Жаңа реалиялар мен зерттеулердің жаңа бағыттары институт ғалымдары үшін жаңа мақсаттарға алып келді.

Осы қиын кезеңде институт директоры болып ветеринария ғылымдарының кандидаты С.М. Мамадалиев тағайындалды. Ол, институтты сақтап қалу үшін бар күшін салды.  Институт басшысы ретінде С.М. Мамадалиев ерекше ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Қаражатты қатаң үнемдеу және жаңа саяси-экономикалық жағдай шарттарында институттың тіршілік етуінің аса қиын кезеңінде ол қалған ғылыми қызметкерлерді сақтап қана қоймай, жас мамандармен толықтырып, оның жемісті жұмысын қамтамасыз етті. Институттың ғылыми бағыттары мен мақсаттары бұрынғы қалпында қалды. Осы кезеңде ветеринариялық тәжірибеге арналған биопрепараттар өндірісінің технологияларын жетілдіру бойынша жұмыстар аса маңызға ие болды.

Кеңес Одағының тарауынан кейін институт Қазақстан Республикасының АШМ Бас Ветеринария басқармасына қайта бағындырылды. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ведомствосына берілді, ал, 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) бағындырылды. 2006 жылдың 7 тамызынан бастап аталуы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) болып ауыстырылып, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының (ҰБО) Еншілес мемлекеттік кәсіпорыны болып белгіленді. БҚПҒЗИ (бұрынғы АШҒЗИ) құрылуы мен қалыптасуының вирусологиялық ғылыми орталық ретіндегі тарихы ветеринариялық вирусология, ветеринария, биотехнология және биология салаларындағы көрнекті ғалымдардың аттарымен байланысты. Институттың құрылуына, қалыптасуына және дамуына көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы В.И. Огарков, А.А. Воробьев, И.А. Бакулов, сондай-ақ, еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері ветеринария ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Сюрин; КСРО ҒЗжТӨМ Бас Басқармасының бастығы М.А. Худяков; вет. ғылымдарының докторы, профессор С.Т. Рягин; вет. ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз ҰҒА корр-мүшесі Ц.Ц. Хандуев; вет. ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Бурдов; вет. ғылымдарының докторы, профессор А.С. Гринин; биол. ғылымдарының докторы, профессор Ф.П. Курченко; вет. ғылымдарының докторы, профессор А.И. Ануфриев; вет. ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Иванющенков; вет. ғылымдарының докторы, профессор А.А. Гусев; вет. ғылымдарының докторы, профессор С.М. Мамадалиев; ғылым кандидаттары А.И. Шурыгин, П.Д. Афанасьев, Р.А. Кирюхин, В.В. Башаев, Ю.М. Гононов, В.Л. Зайцев, Е.Н. Троицкий, Б.М. Хайруллин, М.А. Мамбеталиев және т.б. үлкен үлестерін қосты.  

1992 жылға дейін, АШҒЗИ, КСРО АШМ-інің, аурулардың қоздырғышын зерделеу, аса қауіпті вирустық инфекцияларға балама жасау мен олардың спецификалық тұрғыда алдын алудың құралдары мен әдістерін әзірлеу бойынша бағдарламаларды орындаушы кеңестік ғылыми-зерттеу кешенінің құрамдас бөлігі болып келді.

Қазіргі уақытта институт, республикамыздың, ветеринариялық вирусология, иммунология, молекулалық биология, микология, фитопатология және биологиялық қауіпсіздік саласында, гендік инженерия және биотехнология әдістері арқылы биологиялық препараттардың жаңа буынын жасау бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін тәжірибелік базасы бар ірі ғылыми орталықтарының бірі болып табылады. Жасушалық биотехнология әзірлеу бойынша медициналық мақсаттағы емдік-терапевтикалық препараттарды жасап шығаруға мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізілуде.

Үкімет қаулысына сәйкес 2000 жылдан бастап институтқа Қазақстан Республикасының күзетілуші нысаны мәртебесі берілген.

Қазіргі кезде институт құрылымына 13 ғылыми-зерттеу зертхана, қосалқы технологиялық, ғылыми-ақпараттық, инженерлік-техникалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері кіреді. Институтта медициналық және ветеринариялық вирусология, биологиялық қауіпсіздік, эпизоотология, иммунология, молекулалық биология, гендік инженерия, биохимия, биотехнология, микробиология және фитопатология бойынша мамандар жұмыс істейді.

Институт құрылымына ғылыми-зерттеу зертханалары, технологиялық, ғылыми-ақпараттық, инженерлік-техникалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдер кіреді. Институтта медициналық және ветеринариялық вирусология, биологиялық қауіпсіздік, эпизоотология, иммунология, молекулалық биология, биохимия, биотехнология, микробиология және фитопатология жөніндегі мамандар жұмыс атқарады. Қызмет көрсетіп келе жатқан кезеңінен бастап институт қабырғасында 140 астам жоғары білікті маман, оның ішінде 20 ғылым докторы, 132 ғылым кандидаты даярланды.

Жамбыл облысының Әкімінің басшылығымен GMP стандартына сәйкес вакциналар шығаратын отандық биофармацевтикалық зауыт, сондай-ақ институт ғалымдары үшін 180 пәтерлі тұрғын үй кешені салынды.