Технологияларды және биопрепараттарды бақылау зертханасы

ЖЕКЕБЕКОВ Қуаныш Қайратұлы

PhD (философия докторы), зертхана меңгерушісі.
Биотехнология саласының маманы. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, олардың ішінде 12-сі нөлдік емес импакт-факторға ие және Web of Science пен Scopus дерекқорларында индекстелген. Әзірлемелер бойынша 4 авторлық куәлігі бар.2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazVac вакцинасын әзірлеу және өндіру саласындағы еңбегі үшін. 2021 жылы «Халық алғысы» медалімен,
2024 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды.50-ден астам тренингтер мен оқыту бағдарламаларына қатысқан. 2024 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы «ННЦООИ» ЖШС-де «II топтағы патогенді инфекциялық аурулардың биоқауіпсіздігі, эпидемиологиясы және микробиологиясы» тақырыбы бойынша 630 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

ORCID ID – https://orcid.org/0000-0002-7801-6198

Scopus ID – 57218866785

Web of Science Researcher ID – ABA-2145-2020

k.zhekebekov@biosafety.kz

+7(72636)7-22-22

Жобалардағы Орындаушы:

BR25293294-OT-25 Геномдық технологияларға негізделген бруцеллезге қарсы вакцина.
BR28712529-OT-25 Маймыл шешегінің спецификалық профилактикасы мен диагностика құралдарын әзірлеу.

Зертхананың зерттеу бағыттары:

  • Биопрепараттар мен тест-жүйелердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау;
  • Биопрепараттардың физика-химиялық талдауы;
  • Биологиялық белсенділікті бағалау;
  • Сақтау мерзімі барысында тұрақтылығы мен құрамын бағалау;
  • Биопрепараттардың тиімділігін бағалау;
  • Биопрепараттардың иммунобиологиялық көрсеткіштерін бағалау;
  • Вакциналық препараттардың зиянсыздығы мен иммуногендігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу;
  • Жаңа биопрепараттардың доклиникалық және клиникалық сынақтарын жүргізу.

Зертхананың инновациялық әзірлемелері:

  • A/H5N1 тұмауына қарсы инактивтелген вакцина және Refluvac®;
  • Маусымдық тұмауға қарсы үшвалентті сплит-вакцина;
  • Ірі қара малға арналған туберкулезге қарсы вакцина;
  • SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы антиденелерді анықтауға арналған ИФА тест-жүйесі.

Зертхананың негізгі жарияланымдары: