Індеттік аурулардың мониторингі зертханасы

БУРАШЕВ Ербол Досанұлы

PhD, зертхана меңгерушісі

Молекулалық биология, вирусология және жұқпалы аурулар эпидемиологиясы саласындағы жоғары білікті маман. Соңғы бес жыл ішінде (2019 жылдан бастап) 30 ғылыми мақала жариялаған, оның ішінде 15-і Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін журналдарда, ал 15-і Қазақстандық журналдарда, соның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда жарияланған.

Сонымен қатар, 2011 жылдан бері 7 өнертабыстың авторы болып табылады, олардың 3-еуі ветеринария саласында өндірісте енгізілген.                                                                     «Халық алғысы» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Ізгілік» орденімен марапатталған.                                                                                                    Ресейдегі Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институтында, АҚШ-тағы Southeast Poultry Research Laboratory-де және University of Connecticut университетінде тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ Үндістан, Түркия және басқа елдерде өткен халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысқан.

ORCID ID – 0000-0002-4701-1992

Scopus ID – 57191966650

Researcher ID Web of ScienceE-5310-2015

y.burashev@biosafety.kz

+7(72636)7-22-28, вн. 140

Жобалар:

АР196768678553 Құс арасында кездесетін аса қауіпті вирустық ауруларға эпидемиологиялық мониторинг жүргізу және заманауи диагностикалық құралдарды әзірлеу.

Зертхананың ғылыми зерттеу бағыттары:

  • Биотехнология, эпизоотология және молекулалық эпизоотология салаларындағы зерттеулер;
  • Аса қауіпті ауруларға эпизоотологиялық мониторинг жүргізу;
  • Жануарлар ауруларын диагностикалау және алдын алу бойынша заманауи құралдар мен әдістерді әзірлеу;
  • Нақты уақыттағы ПТР негізінде аса қауіпті вирустық инфекцияларға арналған жаңа диагностикалық тест-жүйелерді әзірлеу және енгізу.

Зертхананың инновациялық әзірлемелері:

  • Диагностикалық препараттарға арналған ғылыми-техникалық құжаттаманың 5 жиынтығы әзірленді;
  • Адамдар мен жануарлардың қауіпті және аса қауіпті ауруларын диагностикалау тәсілдеріне 5 патент алынды.

Зертхананың негізгі жарияланымдары: