Ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі ғалым Орынбаев Мұхит Бармақұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.

“Құрмет” ордені — ғалым Мұхит Бармақұлының ғылым саласына сіңірген өлшеусіз еңбегінің, көпжылдық ғылыми қызметінің және отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі.

Мұхит Бармақұлын жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа ғылыми жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз. Ғылыми мектебіңіз одан әрі дамып, шәкірттеріңіз ғылым көкжиегін кеңейте берсін!

 

By admin