Фитосанитариялық қауіпсіздік зертханасы

Мәуленбай

Ақерке Дәулетқызы

Зертхана меңгерушісі
Мәуленбай Ақерке Дәулетқызы – фитопатология және өсімдіктерді қорғау саласының маманы. Ол 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 6 жұмысында импакт-факторы бар және олар Web of Science және Scopus дерекқорларында жарияланған. Ақерке Дәулетқызы келесі оқу орындарында кәсіби даярлықтан өткен:

  • National Wheat Improvements Center, CAAS, Пекин, Қытай — Бидайда молекулалық селекция бойынша тренинг, 2023.
  • RPE Antigen LPP, Алматы, Қазақстан — Ғылыми нәтижелерді биостатистикалық талдау бойынша тренинг, 2023.
  • ICARDA Regional Cereal Rust Research Center, Измир, Түркия — Орталық Азия мен Кавказдағы бидай тоты ауруларын бақылау, тұқым анализі және басқару бойынша семинар, 2022.
  • Aachen University of Applied Sciences, Campus Julich, Аахен, Германия — Биоаналитика бойынша тағылымдама, 2017.

ORCID ID – https://orcid.org/0000-0001-9535-2997

Scopus ID – 57219199798

Web of Science ID — ADU-9418-2022

a.maulenbay@biosafety.kz

+7(72636)7-22-28, вн. 135

 

Жобалар:

BR24992903 «Экономикалық маңызы бар ауыл шаруашылық дақылдарын селекциялауда заманауи молекулалық-генетикалық, физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық әдістер мен сандық фенотиптеуді практикалық енгізу» – 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарлама-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында.
BR24892821 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында дәнді дақылдардың өнімділігін, сапасын және стресске төзімділігін арттыру мақсатында селекция және бастапқы тұқым өсіру» – 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарлама-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында.
AP14870987 Негізгі саңырауқұлақ ауруларына төзімділік механизмдері бар бидай сорттарын анықтау және сақтау.
BR10765056 Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында дәнді дақылдардың тұрақты өндірісі үшін биотехнология, генетика, өсімдік физиологиясы және биохимия саласындағы жетістіктерге негізделген жоғары өнімді сорттар мен гибридтерді құру – 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы аясында.
BR06249329 Қазақстан Республикасында бидай сорттарының аса қауіпті ауруларға төзімділігін арттыру үшін инновациялық жүйелерді әзірлеу
AP05132236 Бидайдың жапырақ және сабағы тот ауруын тудыратын қоздырғыш популяцияларының расалық және генотиптік құрамын анықтау

Зертхананың ғылыми зерттеу бағыттары:

  • Қазақстандағы ауыл шаруашылық дақылдарының сортоөсінділерінің кең таралған және зиянды саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін анықтау.
  • Өсімдіктер ауруын тудыратын биотрофты және гемибиотрофты саңырауқұлақ қоздырғыштарының популяцияларының расалық құрамын зерттеу.
  • НИИПББ дәнді дақылдардың генофондын сақтау және толықтыру.
  • Дәнді дақылдардың фитопатогенді саңырауқұлақтары коллекциясын тірі және өнімді күйінде ұстау.
  • Пестицидтерді (ядохимикаттар) тіркеу сынақтарын жүргізу.

Зертхананың негізгі жарияланымдары: