2026 жылғы 5–7 қазанда Грекияның Салоники қаласында 4th International Conference on Crimean-Congo Hemorrhagic Fever (4th IC-CCHF) халықаралық конференциясы өтті.
Халықаралық конференция Крым-Конго геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы, диагностикасы, алдын алу және зерттеу бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ осы саладағы жетекші ғалымдар мен мамандар арасында тәжірибе және ғылыми нәтижелер алмасуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Институтымызда жүріп жатқан «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы: мониторинг, ауру қоздырғышының молекулалық-генетикалық және биологиялық қасиеттерін зерттеу» гранттық қаржыландыру жобасы аясында алынған нәтижелерді жоба жетекшісі профессор Қошеметов Ж.К. және жоба орындаушылары Каукарбаева М.Ж., Серікбайов О.Н. ұсынды.
Институт қызметкерлерінің осындай халықаралық ғылыми алаңдарға қатысуы биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және отандық ғылыми зерттеулердің халықаралық деңгейдегі байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.
