Медицина қызметкері күніне орай «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Бас директоры Жугунисов Қуандық Дәулетбайұлы Институттың бірқатар ғылыми қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары мен төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда, «Микроағзалар коллекциясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері Азанбекова Мөлдір Әбділдәқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Микроағзаларды өсіру технологиясы» зертханасының ғылыми қызметкері Тұрыскелді Шолпан Сманқызы «Құрмет грамотасымен» және Институттың заңгері Әлібекова Әйгерім Асқарбекқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Марапаттар ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары жетістіктері, биологиялық қауіпсіздік саласының дамуына қосқан үлесі және көпжылдық адал еңбегі үшін берілді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ғылыми ізденістеріне табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

By admin