Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Бұл мереке халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі саналады. Дәл солай, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты және ЖШС «Otarbiopharm» биофармацевтикалық зауыты ғалымдары мен мамандары 20.03.2023 күні көктем мерекесі – Әз Наурыз мейрамын тойлады.

Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер, тұрғызылған мерекелік қалашық, Ғалымдар үйі аумағында ұйымдастырылды. Мерекеде ұлттық тағамдарға бай дастархан жайылды. Дастарханның сәні болған Наурыз көже, палау және етті тағамдар жасалынды.

Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау қызметкерлеріміздің патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлттық мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа , адамгершілікке , ұлтжандылыққа бейімдеу. Бүкіл тіршілік атаулының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт – дәстүрін паш ету. Мерекені тойлау барысында қызметкерлер дайындаған би және ән шашулар ұсынылды. «Қошқар көтеру», «арқан тарту» және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Қазақ билері – ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі. Мың бұралып билеген қыздарымыз бен кең иықты алып жігіттеріміздің көрсеткен өнері халықтың көңілінен шығып, қол соғып, қошеметпен өз разылықтарын білдірді.

Әз-Наурыз мейрамы аяқталғаннан кейін қатысушыларға жүлделі сыйлықтар, және де, бақ сынасқан қатысушыларға институтымыздың директоры Ерғали Орынбасарұлы марапаттау қағаздарын берді. Мейрамға келген қонақтарда, сарқыттан қуана-қуана дәм ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

By admin