Құрметті ғалымдар! Қымбатты әріптестер! Сіздер – Қазақстанды жаңашылдыққа бастайтын және тың серпілістерге жетелейтін алдыңғы қатарлы қауымның өкілісіздер. Ғалымның ісі – адамға қызмет ету болса, адамзаттың қолымен жасалған жетістіктердің бәрі, көп жылдық ізденіс пен ғылымның арқасы.Ал ғылымды жүргізу, тек ғалымдармен шектелмесі анық. Осы себепті бүгін біріншіден өзінің өмірін ғылымға арнаған ғалымдарды, ғылым саласын басқарып, үйлестіріп жүрген жетекші басшыларды  мерекелерімен құттықтай отырып, сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз.Ғылым саласында қосар үлестеріңіз арта берсін, еңбектеріңіз жемісті болсын. Жұмыстарыңызға табыс, бірегей идеялар мен зор денсаулық тілейміз! Мерекелеріңізбен!

 

 

By admin