Соңғы жылдары, Қазақстанның сауда және туристік байланыстары бар Африка мен Азия елдерінде аса қауіпті аурулардың (Эбола, Марбург, Ласса және т.б.) өршуі байқалуда, олардың бірі маймыл шешегі (Monkeypox virus – MPXV) болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 14 елінде екі жүзден астам пациентті тіркеді.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, маймылдар шешегі вирусы, сірә, мутацияға ұшыраған және адамнан адамға берілу қасиетіне ие болған. Сондықтан, осыған дейін жақсы зерттелген инфекция Африка құрлығынан асып кетті. Өзінің клиникалық көріністерінде маймыл шешегі аса қауіпті табиғи шешекке қатты ұқсайды. Бірақ бұл өте оңай, асқынусыз өтеді және оны жұқтыру қиын – кем дегенде 4 сағат бойы науқас адаммен байланыста болу керек.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты көптеген жылдар бойы Poxviridae-ға тектес вирустармен, соның ішінде қой, ешкі, нодулярлық дерматит вирустары кіретін Capripoxvirus-қа; тауық шешегі, көгершін шешегі және басқа да шешек вирустары кіретін Avipoxvirus-қа; сиыр шешегі, түйе шешегі, табиғи шешек және маймыл шешегі вирустары кіретін Ortopoxvirus тектестермен зерттеулер жүргізіп келеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚР және посткеңестік елдердің ветеринарлық тәжірибесінде кеңінен қолданылатын қой шешегіне, ешкі шешегіне, нодулярлық дерматитке, түйе шешегіне, тауық шешегіне қарсы вакциналар жасалды.

Сондай-ақ, Институттың аса қауіпті жұқпалы аурулар қоздырғыштары депозитарийінде жануарлардың алуан түрлерінің шешегі вирустары сақталады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл инфекцияның Қазақстанға ену қаупін жоққа шығармайды және әлемде бұл аурудың таралу қарқыны әлі де алаңдатушылық тудыруда. Оның үстіне, аурудың алғашқы жағдайы қазақстандықтар жиі баратын Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген. Осыған байланысты, Қазақстан аумағына эпидемиологиялық және әлеуметтік ауыр салдарлары бар, өлімге алып келетін және халыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін экзотикалық аурулардың жету қаупі жоғары. Сондықтан вакцина ерте ме, кеш пе қажет болады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры бастаған ғалымдар тобы «ҚазАқпарат» ХАА, Хабар 24, КТК тілшілеріне ғалымдардың маймыл шешегіне қарсы вакцина әзірлеуге дайындығы туралы хабарлады, алайда бұл жұмысты орындау үшін қаражаты көзделген ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) арнайы бағдарламасы және мемлекеттің мемлекеттік тапсырма түріндегі қолдауы қажет.

БҚПҒЗИ ғалымдары осы мәселені шешудің барлық жолдарын іздестіруде. Осы мәселе бойынша ғылыми мәжілістерге және консилиумдарға қатысады.

2022 жылғы 24 мамырда Денсаулық сақтау вице-министрі А.С. Есмағамбетова «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің енуі және тұрғындар арасында таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Аталған семинарға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты түрлі елдерден 30-дан астам ұйым қатысты.

Біздің ғалымдар вакцинаны сиыр вирусы негізінде жедел әзірлеуді ұсынады. Қажетті реактивтер мен материалдарға қаржы болған жағдайда алты ай ішінде өз вакцинамызды әзірлеуге болады.

Пандемия кезеңінде денсаулық сақтау жүйесі әлдеқайда күштірек бола түсті, ал, эпидемиологтар мен дәрігерлер аса қауіпті инфекцияларға тиімді қарсы тұруды үйренді. Бүгінгі күні, денсаулық сақтау жүйесі шешек маймылынан да күрделі ауруларды жеңе алады.

«Шешек вирустарымен жұмыс жасауда және шешек ауруына қарсы вакциналар жасауда үлкен тәжірибесі бар Институт маймыл шешегінен де қорғайтын вакцинаны жасау бойынша зерттеулер жүргізуге дайын және мүмкіндігі бар», – деді К. Закарья.

https://24.kz/ru/news/obrazovanie-i-nauka/item/546177-kazakhstanskie-uchenye-gotovy-razrabotat-vaktsinu-ot-ospy-obezyan

https://www.inform.kz/ru/vozmozhnost-razrabotki-vakciny-ot-ospy-obez-yan-v-kazahstane-est-kunsulu-zakarya_a3937896

By admin