19 тамызда Ташкент қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің әйелдер форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – ШЫҰ мемлекеттерінің арасында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ орнықты даму басымдықтарына қол жеткізу бойынша форумға мүше елдердің өзара іс-қимылын нығайту және одан әрі дамыту.
Форумды ел Үкіметі, ШЫҰ халық дипломатиясы орталығы және Өзбекстан Республикасының Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитеті ұйымдастырды.
Форумға ШЫҰ-ға мүше елдердің гендерлік мәселелер жөніндегі мемлекеттік органдарының басшылары (ресми делегациялардың басшылары), әйел депутаттар, саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сарапшылар, ғалымдар және БАҚ қатысты.
Форум жұмысына құрамында Парламент, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері бар қазақстандық делегация қатысты.
Форумның ашылуында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі.
Балаева өз сөзінде бүгінгі таңда ШЫҰ кеңістігіндегі елдердің табысты дамуы көбінесе әйелдердің мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің түрлі салаларына қосқан жасампаз үлесіне байланысты екенін атап өтті.
Қазақстандық делегацияның басшысы АСЕАН, ЭЫДҰ сияқты серіктес ұйымдардың алаңдарында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету мәселелері бойынша ШЫҰ елдерінің үкіметтік, іскерлік және ғылыми топтарының бірлескен іс-қимылдарын дамытуды ұсынды.
Сөз соңында Балаева ШЫҰ елдеріне әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, әйелдер бастамаларын ілгерілету және әйелдердің ұйымның қызметіне қатысуын кеңейту бойынша табысты тәжірибемен және үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік беретініне сенім білдіріп және қорытындылады.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның орынбасары, Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен «әйелдердің қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқаратын шешімдер қабылдауға қатысуы» тақырыбында баяндама жасап, «Пандемия сын-қатерлерін еңсерудегі гендерлік үлес» сессиясын модерациялады.
Форумда Денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ғылымды «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК Бас директоры, қазақстандық QazVac вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария таныстырды.
Ол халықаралық алаңдағы қатысушыларға Қазақстанның QazVac вакцинасын әзірлеу тәжірибесі және осы саладағы ғылыми қызметтің басым бағыттары туралы айтып берді.
Форум қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше елдердің әйелдерді қолдау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы инновациялық тәсілдемелерін қолдану жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды дайындау үшін негіз болатын декларациялар қабылданды.
https://tengrinews.kz/news/kazahstanskaya-delegatsiya-prinyala-uchastie-forume-jenschin-475848/