Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институтында тамыз айының 18-ші жұлдызында «Мектепке жол» атты қайырымдылық іс шарасы өтті. Іс шараға институт басшылары Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы, Қордай аудандық маслихат депутаты Бурашев Ербол Досанұлы және Аманат партиясының “Гвардейск” бастауыш ұйымының төрағасы Нұрабаев Серғазы Шұратбайұлы қатысты. Іс шара барысында мұқтаж 8 отбасының балаларына арнайы көмек көрсетілді.

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің,- демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзіміз үшін екенін ұмытпайық.

Қазақ халқы ежелден жомарттылығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы төмен отбасыларын, жетім – жесірді, талантты балаларды қорғап, қамқорына алып келеді.

By admin