Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген COVID-19 қарсы инактивтелінген вакцинаны өз сайтында тіркегеннен кейін БҚПҒЗИ қызметкерлеріне COVID-19 қарсы вакцинаны дайындау технологиясын әзірлеу, зертханалық жануарларға инфекция моделін жасау, клиникаға дейінгі сынақтар мен клиникалық зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша ДДҰ сарапшылары болуды ұсынды.

Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде ДДҰ-ның сарапшылары ретінде БҚПҒЗИ бас директоры К.Д. Закарья, зертхана меңгерушісі Л.Б. Кутумбетов және профессор Б.М. Хайруллин қабылдады. ДДҰ БҚПҒЗИ сарапшылары ДСҰ-ның жұмыс жиналыстарына алдын ала шақырылатынын хабарлады.

 

2020 жылдың 17 маусымында COVID-19-ға қарсы вакцина дайындау технологиясын әзірлеу мәселелерін шешетін әлемнің барлық жетекші ғылыми орталықтары қатысқан бейнеконференция форматында ДДҰ-ның бірінші жұмыс кеңесі өтті. Қытай Халық Республикасы, Ұлыбритания, Франция және АҚШ ғалымдарының баяндамалары тыңдалды.

Жаңа вакциналардың барлық маңызды технологиялық аспектілері анықталды және өндіріс үдерісін технологиялық масштабтау мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Қытайда салынып жатқан COVID-19 қарсы вакцина шығаратын зауыт туралы ақпарат ұсынылды.

БҚПҒЗИ сарапшылары ДДҰ Кеңесіне белсенді қатысты, онда ДДҰ мен БҚПҒЗИ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі одан арғы іс-қимылдар айқындалды. Сондай-ақ, ДДҰ БҚПҒЗИ сарапшылары COVID-19 қарсы күрес мәселелері бойынша ДДҰ-ның барлық кейінгі жиналыстарына шақырылатынын хабарлады.

By admin