2022 жылғы 26 тамызда биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

Отырыс Қазақстан Республикасының салтанатты Гимнінен басталды. БҚПҒЗИ бас директорының м.а. профессор Е. О. Абдураимов пен жас ғалымдар кеңесінің төрағасы А. Б. Төлендібаев құттықтау сөз сөйлеп, баяндамалар тыңдалды. Отырыста бірнеше баяндама тыңдалды, соның ішінде Б.қ. Өміралиев «Тәуелсіздіктің тірегі – ата заңы»атты баяндама жасады. Жас ғалым өз баяндамасында Конституция азаматтарға негізгі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беретінін, соның арқасында ел тұрақтылықты, келісім мен әл-ауқатты дамыту жолында сенімді қадам жасайтынын атап өтті.

Жас ғалым Б. Қ. Өміралиевтің баяндамасы

By admin