2021 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевпен бірге БҚПҒЗИ-ға жұмыс сапарымен барды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары О.М.Смағұлов, Білім және ғылым вице-министрі М. М. Дәуленов, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шоранов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұ.Е. Жазылбек, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Ж. Жайымбетов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Н.А. Асылбеков, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК бас директоры Е.К. Даутбаев, «Алмалы» ҚАА директорының бірінші орынбасары О.С. Шумай, «Нұр-Май Фармация» ЖШС техникалық директоры А. А. Матвеев, «Нұр-Май Фармация» ЖШС сапа жөніндегі директоры, GMP маманы С.С. Ахмет қатысуымен институтты аралау барасында «ҚР БҚПҒЗИ-дағы тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттарды шығару жөніндегі биофармацевтикалық зауыттың құрылысы» жобасы бойынша құрылыс алаңын қаралды. «Ка-Строй ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығы құрылыстың ағымдағы процесін ұсынды, сондай-ақ биофармзауытқа арналған жабдықты сатып алу процесі туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Коронавирустық инфекцияға қарсы QazCovid-in отандық вакцинасын өндіру және GMP талаптары мен стандарттарына сәйкес өндірістік алаңды дайындау мәселелерімен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың назарына БҚПҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы ұсынылды. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары, қасбет пен шатырды жайластыру жүргізілуде. Маңында тағы екі тұрғын үй мен дене шынықтыру-сауықтыру ғимаратының құрылысы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов БҚПҒЗИ-ды одан әрі дамытудың негізгі проблемаларын шешуде бірқатар міндеттер қойды.

 

 

By admin