Қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-248/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі, онда клиникалық зерттеулердің барлық қатысушылары сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сақтандыру компанияларының ережелері мен нормалары бойынша ерікті сақтандыру шартына сәйкес сақтандырылған. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің сомасы мен сақтандыру шарттары, үшінші реттегі тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша жабық сипаттағы ақпарат болып табылады.

Клиникалық зерттеулерді жүргізу барысы туралы ақпарат және басқа да мәліметтер, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомасы құпия сипаттағы мәліметтерге жатады.

Халықаралық талаптарға сәйкес, еріктілер клиникалық зерттеуге қатысуға ақпараттандырылған келісім мен ақпараттың құпиялылығы туралы міндеттемелерге қол қойды. Осыған орай журналист, аталған мәліметтерді еріктіден ала алмады.

Сонымен қатар, ұзақ мерзімді зерттеулер мен клиникалық зерттеулердің 1-2 фазаларының нәтижелері және 3-ші фазадағы зерттеулердің алдын алынған нәтижелері адамға вакцинаның қауіпсіздігін және 18 +жас санаты үшін жағымсыз құбылыстардың болмауын көрсетеді.

By admin