Кеше Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті (тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды, «Халал Даму» ЖШС директоры А.А. Аташев қол қойған).

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауыт жағдайында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

QazVac» вакцинасын жылжытуға және оған «Халал Даму» сертификатын алуға зертхана меңгерушілері б.ғ.д., профессор Ж.Қ. Қошеметов және PhD Қ.Д. Жүгінісов белсенді ат салысты.

Институт ұжымын отандық «QazVac» вакцинасының жоғары сапасы мен қауіпсіздігін кезекті мойындалуымен құттықтаймыз!

By admin