Фитосанитариялық қауіпсіздік зертханасы

Зертхана меңгерушісі Ақерке Дәулетқызы Мәуленбай, техникалықғылымдар магистрі. Фитопатология және өсімдіктерді қорғау саласындағы маман. Кәсіби шеберлігін арттыру үшін Өңірлік астық таты ғылыми-зерттеу орталығында (Измир, Түркия) және Аахен қолданбалы ғылымдар университетінде (Аахен, Германия) тағылымдамадан өтті. 15 ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде 3 мақала Web of science и Scopus деректер базасында индекстелуші шетелдік журналдарда. Web of science и Scopus бойынша Hirsch индексі (h-index) – 2. Неміс биоқауіпсіздік бағдарламасы аясында «GerKazNet» жобасы бойынша биоқауіпсіздік, биоқорғау және фитосанитарлық қауіпсіздік курстарын тәмсамдаған.

Фитосанитариялық қауіпсіздік зертханасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы дақылдарының саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін зерттеу және өсімдіктердің биотрофты және гемибиотрофты қоздырғыштары популяциясының құрылымын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сондай-ақ, зертханада астық дақылдарының гендiк қорын сақтау және жыл сайын толықтыру және фитопатогендi саңырауқұлақтарды жинау жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi.

Негізгі міндеттері:

  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық үлгілерінің Қазақстандағы жалпы және зиянды зең ауруларына төзімділігін анықтау.
  • Өсімдіктер ауруларының биотрофты және гемибиотрофты зеңдері популяциясының нәсілдік құрамын зерттеу.
  • БҚПҒЗИ дәнді дақылдардың гендік қорын қорғау және толықтыру.
  • Дәнді дақылдардың фитопатогенді зеңдерін өміршең жағдайын сүйемелдеу.
  • Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу сынақтарын жүргізу.

Негізгі жетістіктері:

  • Қазақстан мен көршілес елдер аумағындағы астық дақылдарының тат қоздырғыштары популяциясының құрамы зерттелді;
  • Дәнді дақылдардың тат, септориоз, пиренофороз, торлы дақ, қара қоңыр дақ және ақұнтақ түрлеріне төзімді сорттары анықталды;
  • БҚПҒЗИ дәнді дақылдардың гендік қоры құрылды;
  • Сабақ таты – Puccinia graminis, сары тат – P.striiformis, жапырақ таты – P.triticiana және масақ септориозы  – Septoria nodorum Berk, жапырық септориозы – S.tritici Desm қоздырғыштарының коллекциясы құрылды;
  • Республиканың селекциялық мекемелерін дәнді дақылдардың төзімді сорттарының тұқымдарымен және тат қоздырғыштарының жұқпалы материалдарымен қамтамасыз ету.

Негізгі жарияланымдары:

-Maulenbay, A.; Zakarya, K.; Moldazhanova, R.; Rsaliyev, A. Characterization of Tan Spot Races in Kazakhstan. Agriculture 202212, 1564. (Impact factor 3.408).

-Zatybekov, A.; Genievskaya, Y.; Rsaliyev, A.; Maulenbay, A.; Yskakova, G.; Savin, T.; Turuspekov, Y.; Abugalieva, S. Identification of Quantitative Trait Loci for Leaf Rust and Stem Rust Seedling –Resistance in Bread Wheat Using a Genome-Wide Association Study. Plants 202211, 74. (Impact factor 4.658).

-Rsaliyev A.; Yskakova G.; Maulenbay A.; Zakarya K.; Rsaliyev S. Virulence and race structure of Puccinia graminis f. sp. tritici in Kazakhstan Plant Protection Science 2020, 56, 275–284. (Impact factor 1.414).

Көрсететін қызметтері:

  • Тат түрлерінің жасанды инфекциялық фонында астық дақылдары сорттарының ауруға төзімділігін анықтау.
  • Бидайдың сабақ, жапырақ және сары татының инокулюмымен қамтамасыз ету.
  • Өсімдіктерді қорғау құралдарының тіркеу сынақтарын жүргізу.
  • Негізгі фитопатологиялық әдістерге оқыту, тренингтер өткізу.