Микроағзаларды өсіру технологиясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі Булатов Ербол Акенович, биология ғылымдарының кандидаты, профессор. 141 ғылыми мақаланың авторы, оның 49-ы республикалық журналдарда, 30-ы халықаралық конференцияларда және 7-і халықаралық рецензияланған шетелдік журналдарда жарияланған. Сонымен қатар, 23 ұлттық патенттің, 2 монографияның және 30 диагностикалық және профилактикалық препараттарға арналған НТҚ  жиынтығының бірлескен авторы болып табылады. Web of Science және Scopus  бойынша Хирша индексі (h-индекс) – 3.0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің (2013), Жамбыл облысы әкімінің (2013), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2016) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ індетпен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыру саласындағы жемісті еңбегі, сондай-ақ зор үлесі үшін «Халық Алғысы» медалімен (2021) марапатталды. Сонымен қатар, еліміздің жоғары жүйесін дамытуға, жас білікті мамандарды даярлауға, саналы және сапалы білім беруге сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Булатов Е.А. – жасуша, вирустарды және бактерияларды өсіру, сондай-ақ профилактикалық препараттарды өндіру технологиялары саласындағы білікті маман. Көптеген ғылыми-техникалық бағдарламалар (ҒТП) мен жобалардың ғылыми жетекшісі, жауапты орындаушысы, орындаушысы қызметтерін атқарған.

Негізгі міндеттері:

  • диагностикалық және профилактикалық құралдар алу үшін микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін зерттеу;
  • микроорганизмдерді өсірудің жаңа технологияларын әзірлеу және қолданыстағы технологияларды жетілдіру;
  • жаңа және өзекті вакцина штамдарын таңдау және бөліп алу, сонымен қатар олардың негізінде профилактикалық препараттарды өндіру технологияларын әзірлеу;
  • вирустардың жасуша өсінділеріне бейімделуіне зерттеулер жүргізу;
  • микротасымалдаушыларда өсірілген ауыспалы жасуша өсінділерінде вирустарды өсіру әдісін әзірлеу;
  • институттың ғылыми зертханаларын зерттеулер жүргізу үшін вирустық материалмен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша вакцина препараттарын әзірлеу және өндіру.

Негізгі жетістіктері:

— жасуша өсінділері және вирустарды үлкен  көлемде өсіру регламентері әзірленді;

— диагностикалық және профилактикалық препараттарға арналған 30 ғылыми-техникалық құжаттамалар жинағы әзірленді;

— штамдарға және вакциналық препараттарды дайындау әдістеріне 23 патент алынды;

– жасуша өсінділері мен ұсақ мүйізді малдардың обасы, қойдың катаральды қызбасы, құтыру вирустарын өсірудің суспензиялық әдісі әзірленді;

– ұсақ мүйізді малдар обасы, қойдың катаральды қызбасы, құтыру вирустарын өсірудің микротасымалдауыштардағы суспензиялық әдісі әзірленді және енгізілді;

— денсаулық сақтау саласы үшін құс тұмауына қарсы вакцина және туберкулез микобактериясына қарсы рекомбинантты штамм жасау үшін A/H5N1 тұмауы вирусын өсіру параметрлері әзірленді;

— жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша қойдың шешек ауруына, қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына, ұсақ күйіс қайыратын мал обасына қарсы вакциналар шығарылады.

Негізгі жарияланымдар:

— Zh. Amanova, K. Zhugunissov, K. Barakbayev, Zh. Kondybaeva, Zh. Sametova, Ye. Shayakhmetov, D. Kaissenov, K. Dzhekebekov, A. Zhunushov, Ye Abduraimov, K. Zakarya, Ye. Bulatov. Duration of Protective Immunity in Sheep Vaccinated with a Combined Vaccine against Peste des Petits Ruminants and Sheep Pox // Vaccines (2021), 9, 912. 1-18. https://doi.org/10.3390/vaccines9080912.

 — K. Zhugunissov, S. Kilibayev, M. Mambetaliyev, K. Zakarya, M. Kassenov, Ye. Abduraimov, Ye. Bulatov, M. Azanbekova, Zh. Absatova, K. Abeuov, R. Nurgaziev, G.J.Renukaradhya, K. Tabynov. Development and Evaluation of a Live Attenuated Egg-Based Camelpox Vaccine // Front. Vet. Sci., 16 August 2021. 2–12. https://doi.org/10.3389/fvets 2021.721023.

— K. Zhugunissov, Ye. Bulatov, M. Orynbayev, L. Kutumbetov, Ye. Abduraimov, Ye. Shayakhmetov, D. Taranov, Zh Amanova, M. Mambetaliyev, B. Khairullin, K. Zakarya, E. Tuppurainen. Goatpox virus (G20-LKV) vaccine strain elicits a protective response in cattle against lumpy skin disease at challenge with lumpy skin disease virulent field strain in a comparative study // Veterinary Microbiology. 245 (2020) 108695 1-8. https://doi.org/10.1016/j.vetmic.2020.108695.

— Y. Bulatov, K. Zhugunissov, D. Taranov, Z. Amanova, Z. Sametova, Z. Koshemetov, V.Strochkov, Y. Abduraimov, B. Yespembetov, S. Hagius, P. Elzer, G. Risatti, N.Sandybayev. Monitoring for Bluetongue virus serotypes and Brucella species in Southern Kazakhstan // Biological Threat Reduction 2018 Biothreat Conference Abstract Review February 12-14, 2018 Baltimore, Maryland.

— Ye. Bulatov, K. Zhugunissov, D. Taranov, Zh. Amanova, Zh. Koshemetov, G. Nakhanova, G.R. Risatti, N. Sandybayev. Prevalence of Bluetongue Virus among goats, sheep, and cattle in the southern regions of Kazakhstan // 99th Conference of Research Workers in Animal Diseases At: Chicago Marriott, Downtown Magnificent Mile Chicago, Illinois. — 2018.

— K. Zhugunissov, Ye. Bulatov, D. Taranov, Z. Yershebulov, Zh. Koshemetov, A. Zhunushov, G.J. Renukaradhyae, K. Tabynov, Ye. Abduraimov. Beta-propiolactone inactivated bivalent bluetongue virus vaccine containing Montanide ISA-71VG adjuvant induces long-term immune response in sheep against serotypes 4 and 16 even after 3 years of controlled vaccine storage // Veterinary Microbiology 226. – 2018. – 23-30. https://doi.org/10.1016/j.vetmic. 2018.10.003.

— K. Zhugunissov, Ye. Bulatov, D. Taranov, Z. Yershebulov, Zh. Koshemetov, Ye. Abduraimov, Zh. Kondibayeva, A. Samoltyrova, Zh. Amanova, B. Khairullin, A. Sansyzbay. Protective immune response of oral rabies vaccine in stray dogs, corsacs and steppe wolves after a single immunization // Arch Virol. – 2017. — 162:3363-3370. https://doi.org/10.1007/s00705-017-3499-6.

— K. Zhugunissov, Z. Yershebulov, K. Barakbayev, Ye. Bulatov, D. Taranov, Zh. Amanova, Y. Abduraimov. Duration of protective immunity after a single vaccination with a live attenuated bivalent bluetongue vaccine // Veterinary Research Communications. – 2015. – 39:203-210. https://doi.org/10.1007/s11259-015-9643-4

Қызмет көрсету:

Жыл сайын ҚР АШМ мемлекеттік тапсырысы бойынша қой шешегіне, қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына және ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасына қарсы вакциналық препараттар шығарылады.

E-mail:  ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 132