Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді.

    Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, болашағымыз жарқын болсын.

By admin