«QazBioPharm» ұлттық холдингіне қарасты «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының» бас директоры профессор Е.Әбдіраимов институт ұжымы Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ Жолдауын толық қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар профессор Е.Әбдіраимов Президент жолдауында әртүрлі салалар бойынша өзекті мәселелер көтерілгенін айтты. Жолдаудағы негізгі ғылым мен медицина саласына қажетті бастамалар, қаражатқа байланысты, соның ішінде корпортивті салықты пайдалану қайта қарау мәселесін ерекше атап өтті. Президент бастамасы салықты ғылым мен инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор  жобаларды қаржыландыруға жұмсайтынын өте орынды деп санайтынына тоқталды.

Е.Әбдіраимов институт басшысы ретінде Президент жолдауындағы соңғы жылдары салық саласындағы әсіресе ғылымға бөлінетін қаражаттың салығы ғылымға жұмсалатын қуанышпен атап өтті. Бұл бастама бүгінгі таңда ғылыми ұйымдарды материалдық жабдықтау мәселесіне оң септігін тигізеді, көп жылдар бойын шешілмей жүрген құрал-жабдықтармен материалдық-техникалық базасын жақсартуға негіз болатыны сөзсіз деп сөзін тұжырымдады.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалатыны және «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс деген Президент бастамасын отандық ғалымдар зор қуанышпен қабылдағанын атап айтты.

Е.Әбдіраимов сонымен қатар Президенттің көші-қон саясаты аясындағы ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT саласындағы жоғарғы білікті мамандар үшін мемлекет жеңілдіктер енгізіп, отанымызда тұрақты тұруға рұқсат беру керек деген жолдауын толық қолдайтынын жеткізді. Бұл әрине мемлекетіміздің экономикасына оң ықпал жасап дамуына септігін тигізетіндігіне тоқталды.

Ерекше атап өтетін Үшінші бағдар аясындағы Денсаулық сақтау саласында Президенттің жолдауындағы осы бағытта реформа болатынына тоқталып өтті. Денсаулық саласында еңбек етіп жүрген отандық ғалымдар жаңа бастамалардың еліміздің дамуына үлкен серпіліс береді деген сеніммен Президент жолдауын үмітпен қарсы алды.

Профессор Е.Әбдіраимов жолдауда аталған бағдарлар елімізді жаңа экономикалық, әлеуметтік дамуға алып келетініне тоқталып, Президентіміздің жолдауындағы бағдарларды отандық ғалымдар соның ішінде «QazBioPharm» ұлттық холдингіне қарасты «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының» ұжымы іске асыруға, толығымен атсалысуына сеніммен қараймын деп сөзін тұжырымдады.

By admin