ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-да (БҚПҒЗИ) вирусологиялық және микробиологиялық зерттеулер бойынша негізгі институт ретінде қазіргі уақытқа дейін «алтын стандарт» әдістері пайдаланылады, оларды пайдалану арқылы көптеген маңызды нәтижелер алынды. Алайда, жаңа технологиялар мен әдістерді дамыту үшін жаңа бағыт ашу талап етіледі. Осы міндетті шешу үшін БҚПҒЗИ басшылығы ұжымдық пайдалану жаңа зертханасын ашу туралы шешім қабылдады.
Ұжымдық пайдалану зертханасы (ҰПЗ) «Молекулалық биология және гендік инженерия» зертханасының негізінде 2020 жылдың 1-шілдесінен бастап құрылды. ҰПЗ ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың озық деңгейіне қол жеткізу, сондай-ақ зертхананың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында жұмыс істейтін болады. Зертхана меңгерушісі болып PhD философия докторы Бурашев Ербол Досанұлы тағайындалды.

         

ҰПЗ қызметінің негізгі мақсаты – ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының жұмыс істейтін қызметкерлері мен отандық ғалымдарға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін рұқсат беру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуін қамтамасыз ету.

 

ҰПЗ жұмысының негізгі бағыттары: 

  • биоматериалдарда вирустар препараттарын және басқа микроағзаларды электронды-микроскопиялық зерттеу, микроағзаларды сәйкестендіру; 
  • ДНҚ, РНҚ бөлу; 
  • ПТР жүргізу (стандартты және Real-time); 
  • ДНҚ тізбектерін анықтау (толық геномды секвенирлеу); 
  • генетикалық төлқұжаттар жасау; 
  • арнайы зондтар мен праймерлер синтезі; 
  • микроағзалардыөсімдіктердіжануарларды гендік типтеу; 
  • жұмыс орнында оқыту семинарларынтренингтер өткізу.  

By admin