Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Машбекұлы 2023 жылы 10 маусымда 71 жасында өмірден озды.

Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне туыстары мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, достары қатысты. Сонымен қатар еліміздің көрнекті қайраткерін Бердібек Машбекұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті К. Закарья, «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры                     Е. Абдураимов және ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. А. Керимбаев қатысты.

Белгілі саясаткер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Бердібек Машбекұлы жұмыстың ең жауапты учаскелерінде еңбек етті. Әр уақытта ол елдің бес облысын басқарды.

Біз Бердібек Машбекұлының коронавирустық инфекциямен күресуге қосқан үлесін ұмыта алмаймыз. Жамбыл облысының әкімі лауазымында, содан кейін «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесін басқара отырып, бүгінде коронавирусқа және адам мен жануарлардың басқа да өзекті жұқпалы ауруларына қарсы вакцина шығаратын «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының қалыптасуы мен дамуы үшін және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты мен OtarBioPharm биофармацевтикалық зауытының қызметкерлеріне 60 пәтерлі жаңа үш тұрғын үйді тұрғызуда көп жұмыс жасағаны бізге мәлім.

Бердібек Машбекұлы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде талантты, адами қасиеттері мол басшы ретінде қалады.

By admin