Бруцеллез (лат. Brucellosis – адам ағзалары мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын, ауру малдан адамға берілетін зоонозды инфекция және әлеуметтік қауіптілігіне байланысты карантиндік аурулар тізіміне енгізілген. Бұл аурудың себепкері – микробтарды 1886 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Брюс тапты. Қоздырушыны соның құрметіне бруцеллалар, ал ол туындатын ауруды – бруцеллез деп атады.

Қазіргі таңда бруцеллез қоздырушысының 10 түрі белгілі, олардың арасында адам денсаулығына қауіптілері B.melitensis, B. abortus, B. suis және B. canis. Бұлардың ішіндегі B. melitensis бруцеллездің ең ауыр және жіті түрін туындатады және 80-90 % жағдайда осы инфекциямен адамдардың ауруының жауапты болады. Адамда бруцеллез негізінен жіті қабыну үдерістерімен, сондай-ақ тұмауға ұқсас аурудың көптеген симптомдарымен сипатталады. Тиісті емнің жоқтығы науқастың қайтыс болуына немесе мүгедек болуына әкелуі мүмкін. Адамдарда бруцеллезбен ауруға шалдығуы көптеген жағдайда бактериялармен кәсіби қарым-қатынастың нәтижесінен болып жатады.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фотолар

Бруцеллалар ағзаға терідегі микроскопиялық зақымданулар, көз конъюнктивасының шырышты қабығы, ас қорыту жолдары, тыныс алу жолдары арқылы өтуі мүмкін. Көбінесе адам шикі сүтті, етті, тазартылмаған суды пайдаланған кезде, ұшаларды бөлшектеу, ауру жануарлардың терісін өңдеу кезінде, сондай-ақ жүннің микроскопиялық қалдықтары немесе қиы бар ауамен дем алған кезде жұқтырады. Мал және мал шаруашылығы өнімдерімен жұмыс істейтін ауыл тұрғындарында сырқаттану қауіпі жоғары екенін болжау қиын емес.

Барлық құрылықтағы адамдар бруцеллезбен ауырады, бірақ ғаламшардың кейбір нүктелерінде жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары. Жыл сайынғы деректер бойынша адам арасында бруцеллездің 1900-ге жуық жаңа жағдайы анықталауына байланысты Қазақстан адам арасында бруцеллез бойынша гиперэндемиялық 25 мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жағдай ұсақ қара мал мен ірі қара мал арасындағы бруцеллездің басымдығымен тікелей байланысты.

Бруцеллез Қазақстанның ауыл шаруашылық жануарларының арасында ең таралған жұқпалы зоонозды ауру болып табылады, оған қарсы күреске жыл сайын Республикалық ветеринариялық зертханаларға бюджет қаражатының 90%-ға жуығы бөлінеді.

Бруцеллез бойынша қауіпті эпидемиялық жағдай аясында халықтың денсаулығын осы инфекциядан қорғау жөніндегі міндет біздің еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Ауыл шаруашылық жануарлары арасында бруцеллезді толық жою адам үшін осы аурудың алдын алудың ең жақсы тәсілі болып табылатыны белгілі.

Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезін жоюдың ең тиімді тәсілі вакцинация жүргізу болып табылатыны белгілі.  Мәселе қазіргі уақытта ірі қара малға арналған тиімді және қауіпсіз бруцеллезге қарсы вакциналардың жоқтығында, сондықтан оларды алуға бағытталған зерттеулер Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) өзекті және сұранысқа ие болып табылады.

Соңғы 25 жылда алғаш рет БҚПҒЗИ-да тұмауға қарсы вирустық векторлар негізінде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы толық қауіпсіз және тиімді вакцина әзірленді, оның өзінің техникалық және тұтынушылық сипаттамалары бойынша коммерциялық препараттардан айтарлықтай артықшылығы бар. Сонымен қатар, осы вакцинаны ұсақ малда тиімді қолдану мүмкіндігі тәжірибе жүзінде расталды.

Зерттеу нәтижелері халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланды және халықаралық конференцияларда баяндалды. Қазіргі уақытта аталған вакцина Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелген және тіркеуден кейінгі сынақтардан өтуде.

Қазіргі уақытта БҚПҒЗИ жағдайында ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін бруцеллездің иммундыдоминантты ақуыздары: L7/L12 (рибосомальды) және OMP-16 (мембраналық, беттік) тұмаудың рекомбинантты вирусы негізінде адам бруцеллезіне қарсы векторлық вакцинаны дайындау технологиясы әзірленді. Оны қолдану тәсілі пысықталды және зертханалық жануарларға вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі зерттелді. Зертханалық жануарларға вакцинаның қауіпсіздігі мен протективтілігіне комиссиялық сынақтар сәтті жүргізілгеннен кейін әзірленген вакцинаны ары қарай клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар өткізу үшін ұсынуға болады.

Келешекте Ұлттық және халықаралық ауқымда Қазақстанда да, шетелде де адам ағзасына қарсы жаңа векторлық вакцинаны лицензиялау күтілуде.

Бұл әзірленім бірінші кезекте жануарлар арасында инфекция кең таралған өңірлерде адамдарда (ветеринариялық дәрігерлер, малшылар, зертхана қызметкерлері, ауылдық жердің тұрғындары) бруцеллездің арнайы алдын алу үшін қолдануға ұсынылады. Бұдан басқа, өнеркәсіптік шығарылымды толық қолға алудың нәтижесінде шұғыл жағдайларға, оның ішінде террористік қауіп-қатер кезінде аталған вакцинаның ұлттық жұмылдыру қоры құрылуы мүмкін.

Кеңес беру мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға

+7 (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз, электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

 

 

By admin