2021 жылғы 07-08 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева
ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға жұмыс сапарымен келді

 

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева BSL-2, BSL-3 ғылыми зертханаларын, биоклиниканы, коллекцияларды, арнайы сақтау орындарын, зертханалық жануарлар: тышқандар, егеуқұйрықтар, сириялық және алтын түстес атжалмандар, теңіз шошқалары, күзендер, резус-макакалар күтіліп-ұсталатын изоляторларды аралады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Ж.Д. Құрманғалиева БҚПҒЗИ ғалымдарымен кездесіп, Институт ғалымдарының жетістіктерін жоғары бағалады, және ұжымның әрі дамуына қолдау көрсететінін білдірді.

 

By admin