2022 жылдың 23-ші маусымында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (Қазақстан) ғалымдарының Хэнан ауыл шаруашылығы университетінің (Қытай) ғалымдарымен онлайн кездесуі өтті. Кездесуді Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығы ұйымдастырды.
Доктор Longxian Zhang «Longhu Modern Immunology Laboratory»Introduction and Development Strategy for Longhu Modern Immunology Laboratory» зертханасы туралы ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ, ол адамдарға, құстар мен жануарлар ауруларына арналған Covid-19 вакциналарын әзірлеу және шығару туралы айтты. Қытай тарапы жаңа, өзекті препараттарды әзірлеу, сондай-ақ оларды өндіру және өткізу бойынша өз мүмкіндіктерін ұсынды.
Онлайн кездесу барысында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен Хэнан ауыл шаруашылығы университеті арасында әріптестік қарым-қатынас орнату және медицина мен ветеринарияға арналған вакциналар өндірісін ұйымдастыру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту бойынша ынтымақтастық және Меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.