Көп жылдар бойы әр түрлі ауруларды емдеу үшін антибиотиктерді қолдану ауру қоздырғыштары штаммдарының көптеген дәрілерге төзімділігінің пайда болуына алып келді.
Антибиотиктің жаңа препаратын әзірлеу, оның клиникалық сынақтары мен тіркелуі көптеген жылдар бойы жүріп, жүздеген миллион АҚШ долларын құрайды. Антибиотиктерді клиникалық тәжірибеде қолдану, жалпыға белгілі жанама әсерлерден басқа, қайтадан синтезделген препараттарға төзімді бактериялар нысандарының пайда болуына әкеп соғады.
Осындай жағдайда көптеген бактериялық ауруларды емдеуде дерлік жүз жыл бұрын ашылған бактериофагтар (фагтар) антибиотиктерге лайықты балама бола алады.
Бактериофагтар дегеніміз бактериялық жасушаларды іріктеп зарарлайтын вирустар болып табылады. Бактериофаг препараттарының антибактериалық әсері фаг геномының бактериялық жасушаға енгізілуімен және инфекцияланған жасушаның лизисімен (бөлшектенуімен) байланысты. Лизистің нәтижесінде сыртқы ортаға шыққан бактериофагтар қабыну ошағында патогенді бактериялар толық жойылғанға дейін әрекет ете отырып, басқа бактериялық жасушаларды қайта инфекциялайды және бөлшектейді (лизирование).
Бактериофагтар – олардың негізінде өзінің қасиеттері мен сипаттамалары бойынша ерекше емдік-профилактикалық препараттар тобы құрылған бірегей микроағзалар болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ҚР БҒМ ҒК «БҚПҒЗИ» РМК әзірленген жаңа «Полифаг» құралын ұсынады. «Полифаг» дезинфекциялау құралы ветеринариялық және мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық, тамақ өндірістерінде және көліктерде, технологиялық жабдықтарда, сондай-ақ бруцеллез, псевдотуберкулез, дифтерия, сальмонеллез, колибактериоз, төлдің шартты патогенді микрофлорадан пайда болатын диареялық аурулары (протей, клебсиелдер, псевдомоноз, энтерокококктар, иерсинииялар және төзімділігі бойынша бірінші топқа жатқызылатын басқа да инфекциялар) бойынша шартты түрде сау емес жануарлардан алынған ет, сүт, жұмыртқа шикізатын қайта өңдеумен байланысты ветеринариялық-санитариялық қадағалау объектілерінде, аурулар бойынша қолайсыз пункттерде, қауіпті аймақтарда, мал сою пункттерінде, тамақ өндірістерінде дезинфекция жүргізуге арналған.
Препараттың құрамында Brucella abortus, Enteroccus faecalis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Yersinia pseudotuberculosis, Yersinia enterocolitica, Pseudomonas aeruginosa, Echerichia Coli, Salmonella enteretidis, Sallmonella typhimurium, sallmonella infantis, Shigella Sonne, Shigella flexneri бактерияларына қарсы түрлі бактериофагтар бар.
Дезинфекциялауға арналған «Полифаг» дезинфекциялық құралының негізгі әсер етуші заты Полифаг/НИИПББ/ BV-0001 бактериофагтар консорциумы болып табылады.
«Полифагтың» артықшылықтары / пайдалы қасиеттері:
– бактерияларға қатысты әсердің кең спектрі мен белсенділігі;
– ерітінділердің үнемділігі;
– пайдалану мен сақтауға ыңғайлы;
– уыттылық деңгейі төмен;
– өнімдердің дәмдік сапасын бұзбайды;
– беттер мен материалдарды зақымдамайды;
– қосымша дезодорациялаушы және жуғыш қасиеттері бар.
Сату құны – 1 литрі 3000 теңгеден.
Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша, ribsp@biosafety.kz электрондық поштасы бойынша хабарласыңыз
Кеңес алу және құралды сатып алу мәселелері бойынша зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты Болат Аманбаевич Еспембетовқа +7 (775)-093-78-10 телефоны бойынша хабарласыңыз