Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлері күніне орай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК ғалымдарын ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ерғали Орынбасарұлы Абдураимовты, биология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері –Жұмағали Қауқарбайұлы Қошеметовты, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор – Хайрулла Блялұлы Абеуовты, биология ғылымдарының кандидаты – Закир Жапарұлы Ершебуловты және биологиялық қауіпсіздік офицері – Аслан Амангелдіұлы Керимбаевты ғылымға қосқан зор үлестері мен жетістіктері үшін марапаттады.

Медицина – өте күрделі ғылым, бірақ сіздер оны бағындыра алдыңыздар. Нағыз кәсіпқой мамансыздар! Сіздерге еңбектеріңізге зор табыс пен жаңа Қазақстанның игілігі үшін үлкен жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз.

By admin