Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 19.06.2020 жылғы № 353 жарлығымен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемиямен күрес саласындағы жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК ғылыми қызметкерлері «Халық алғасы» медалімен марапатталды: 

Закарья Кунсулу Дальтоновна – БҚПҒЗИ бас директоры; 

Орынбаев Мұхит Бармақұлы – БҚПҒЗИ зертханасының меңгерушісі; 

Жугунисов Қуандық Дәулетбайұлы – БҚПҒЗИ Б зертханасының меңгерушісі; 

Керімбаев Аслан Амангелдіұлы – БҚПҒЗИ ғылыми қызметкері; 

Көпеев Сырым Қалдыбайұлы – БҚПҒЗИ ғылыми қызметкері. 

Біздің ғалымдардың кезекті жетістіктері мен ғылымның дамуына қосқан үлестерінің жоғары бағалануымен құььықьаймыз! 

Сіздерге денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз!

 

 

By admin