2022 жылдың 12-ші сәуірінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.

2019 жылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздің дамуына ғылымның үлесін арттыруды және бағдарламалық құжат қабылдауды тапсырды. 2020 жылдан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде ғылыми ұйымдарды материалдық-техникалық жаңғырту басталды. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізіліп, олар еліміздің ғылыми қоғамдастығының ең өзекті мәселелерін шешті. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасының арқасында 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына заңға шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігі туралы Жолдауында айтылған 2,5 айдың ішінде осы проблемаларды шешетін түзетулер әзірленіп, қабылданды.

Ғылымның басты өндірістік күші – ғалым, оның шығармашылық әлеуеті. Кез-келген ғылым қызметкері жеткілікті ынталандырылуы қажет. Бұл мотивация материалдық және моральдық жақтарын да қамтуы керек, яғни қоғамдағы ғалымның жоғары мәртебесі, «көз майын тауысуы» құрметті, беделді және лайықты марапатталған кезде болады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен республикалық бюджет комиссиясының отырысында, ғылымды 2,5 млрд теңгеге базалық қаржыландыруға қосымша қажеттілік қолдау тапты. Бұл он мемлекеттік органға жататын 74 ғылыми-зерттеу институттарының 1200-ден астам жетекші ғалымдарының жалақысына арналған қаражат, олар базалық қаржыландыру шеңберінде конкурстан тысқары рәсімдер бойынша төленетін болады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері қолда бар ғылыми инфрақұрылымның, сертификатталған зертханалардың сапасына, жабдықтардың болуына және т. б. елеулі дәрежеде негізделеді.

Үкімет отырысында отандық ғылымды дамыту мәселесі қаралды. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі барлық ғылыми қызметкерлерді кәсіби мерекелері – ғылым қызметкерлер күнімен құттықтады.

«Қазақстанда ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда екі есеге жуық өсті (2022 жылы – 84 млрд теңге). Сонымен қатар, мемлекеттік қаржыландыруды ғалымдардың өздері бөледі. Қазір қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен мақаланы жариялау белсенділіктері артып келеді. Бұл жұмыстарға сілтемелер жасалып, шетелдік деңгейде бағаланатын болады», – деді Ә.Смаиылов.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің пікірінше, отандық ғылымның үлкен әлеуеті Қазақстанның коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакцинасы бар 6 елдің қатарына кіргенін растайды. Пандемия кезінде бұл вакцинаны көптеген қазақстандықтар жасады, сондай-ақ басқа елдерге жіберді.

«Біз өз вакцинамызбен мақтана аламыз. Бұл біздің ғалымдардың үлкен жеңісі. Біздің басты мақсатымыз – отандық ғылымның қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қомақты үлесін қосуы. Ғылым саласындағы барлық бағдарламалық құжаттар осыған бағытталған», – деп атап өтті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

Ғылым – бұл нәтиженің кепілділігі жоқ, жоғары тәуекелділікті талап ететін қызмет түрі. Бірақ бұл нәтижелілік туралы мәселе көтермейміз дегенді білдірмейді. Ең бастысы – Қазақстанның дамуына ғылымның үлесін арттыру. Осындай міндетті отандық ғылым алдында Президент Қ. Қ. Тоқаев белгілеп берді. Бұл уақыт талабы. Қазақстандық ғалымдар мұны жасай алады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/354705?lang=kk
https://primeminister.kz/kz/sessions/kr-ukimetinin-otyrysy-12042022-1231715
https://www.inform.kz/ru/nauka-kazahstana-finansirovanie-issledovaniya-problemy-i-rezul-taty_a3921762
file:///C:/Users/Deskt/Desktop/12.04.22%20%D0%B6/nauka-kazahstana-finansirovanie-issledovaniya-problemy-i-rezul-taty_a3921762.htm

By admin