2021 жыл наурыз айының 25 -де «Atabay Pharmaceuticals and Fine Chemical InC.» компаниясының өкілдері мен компанияның бірлескен құрылтайшысы Зейнеп Ташкент бастаған, менеджерлері Чингиз Озлотирак, Халук Сетин және Мехмет Танриколу БҚПҒЗИ-на жұмыс сапарымен барды.

Мақсат – «COVID-19» коронавирустық инфекцияға қарсы QazCovid-in вакцинасын өндіру мен компанияның өндірістік желісін пайдалану бойынша бірлестік мүмкіндігін анықтау болды.

Жұмыс сапары барысында делегация иммунобиологиялық препараттарды шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты, бас мердігердің өкілдерімен келіссөздер жүргізді және объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкестігі бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

Сапарды қорытындылау барысында «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» мен «Atabay Pharmaceuticals and Fine Chemical InC.» компаниясы арасында «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойылды.

 

By admin