2020 жылғы 28 шілдеде Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚР БҒМ БҚПҒЗИ РМК мен DUKE-NUS (Сингапур) Медицина мектебі арасында онлайн бейнеконференция өткізілді. Конференция COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарына қатысты кеңестер мен ұсыныстар форматында өтті.

Онлайн конференцияға БҚПҒЗИ профессорлары мен ғалымдары – Е.О. Абдураимов, М.Б. Орынбаев, Л.Б. Кутумбетов, Б.М. Хайруллин, К.Т. Султанкулова, О.В. Червякова және т. б. қатысты.

DUKE-NUS Медициналық мектебінің зертханалық-зерттеу тобының жетекшісі доктор Ooi Eng Eong COVID-19-ға қарсы вакцинаны әзірлеу процесі, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде дозалардың көлемі мен саны, оларға қатысатын еріктілердің саны және т.б. туралы айтты.

Онлайн конференция аяқталғаннан кейін тараптар берілген мүмкіндіктер үшін бір-біріне алғыс айтып, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

By admin