Ақерке Дәулетқызы
Зертхана меңгерушісі
Мәуленбай Ақерке Дәулетқызы – фитопатология және өсімдіктерді қорғау саласының маманы. Ол 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 6 жұмысында импакт-факторы бар және олар Web of Science және Scopus дерекқорларында жарияланған. Ақерке Дәулетқызы келесі оқу орындарында кәсіби даярлықтан өткен:
- National Wheat Improvements Center, CAAS, Пекин, Қытай — Бидайда молекулалық селекция бойынша тренинг, 2023.
- RPE Antigen LPP, Алматы, Қазақстан — Ғылыми нәтижелерді биостатистикалық талдау бойынша тренинг, 2023.
- ICARDA Regional Cereal Rust Research Center, Измир, Түркия — Орталық Азия мен Кавказдағы бидай тоты ауруларын бақылау, тұқым анализі және басқару бойынша семинар, 2022.
- Aachen University of Applied Sciences, Campus Julich, Аахен, Германия — Биоаналитика бойынша тағылымдама, 2017.
ORCID ID – https://orcid.org/0000-0001-9535-2997
Scopus ID – 57219199798
Web of Science ID — ADU-9418-2022
a.maulenbay@biosafety.kz
+7(72636)7-22-28, вн. 135
Жобалар:
| BR24992903 | «Экономикалық маңызы бар ауыл шаруашылық дақылдарын селекциялауда заманауи молекулалық-генетикалық, физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық әдістер мен сандық фенотиптеуді практикалық енгізу» – 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарлама-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында. |
| BR24892821 | «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында дәнді дақылдардың өнімділігін, сапасын және стресске төзімділігін арттыру мақсатында селекция және бастапқы тұқым өсіру» – 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарлама-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында. |
| AP14870987 | Негізгі саңырауқұлақ ауруларына төзімділік механизмдері бар бидай сорттарын анықтау және сақтау. |
| BR10765056 | Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында дәнді дақылдардың тұрақты өндірісі үшін биотехнология, генетика, өсімдік физиологиясы және биохимия саласындағы жетістіктерге негізделген жоғары өнімді сорттар мен гибридтерді құру – 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы аясында. |
| BR06249329 | Қазақстан Республикасында бидай сорттарының аса қауіпті ауруларға төзімділігін арттыру үшін инновациялық жүйелерді әзірлеу |
| AP05132236 | Бидайдың жапырақ және сабағы тот ауруын тудыратын қоздырғыш популяцияларының расалық және генотиптік құрамын анықтау |
Зертхананың ғылыми зерттеу бағыттары:
- Қазақстандағы ауыл шаруашылық дақылдарының сортоөсінділерінің кең таралған және зиянды саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін анықтау.
- Өсімдіктер ауруын тудыратын биотрофты және гемибиотрофты саңырауқұлақ қоздырғыштарының популяцияларының расалық құрамын зерттеу.
- НИИПББ дәнді дақылдардың генофондын сақтау және толықтыру.
- Дәнді дақылдардың фитопатогенді саңырауқұлақтары коллекциясын тірі және өнімді күйінде ұстау.
- Пестицидтерді (ядохимикаттар) тіркеу сынақтарын жүргізу.
Зертхананың негізгі жарияланымдары:

