Ұжымдық пайдалану зертханасы

ҚОЖАБЕРГЕНОВ

Нұрлан Сиязбекұлы
Зертхана меңгерушісі
Молекулярлық биология, электрондық микроскопия, NGS секвенциялау және биоинформатика, ПТР тест-жүйелерін және биочиптерді әзірлеу саласының маманы. 60-тан астам ғылыми еңбектің және 10 авторлық куәліктің (шығармашылық және пайдалы модельдер бойынша) авторы.
2021 жылы «Халық алғысы» медалімен, ал 2024 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Стажировкалар:
2007 жылы – РФ, Владимир қ., ВНИИЗЖ, эпизоотиялық процестерді математикалық модельдеу және ГИС қолдану бойынша;
2012–2013 жылдары – РФ, Санкт-Петербург қ., Грипп ғылыми-зерттеу институты, биологиялық микрочиптер негізінде А грипп вирусын идентификациялау және субтиптеу диагностикасының заманауи әдістерін меңгеру бойынша;
2013 жылғы қыркүйекте – АҚШ, New York шт., Plum Island Animal Disease Center, жануарлардың трансшекаралық аурулары бойынша халықаралық оқу курсы;
2016 жылы – РФ, Мәскеу қ., В.А. Энгельгардт атындағы Молекулалық биология институты, биологиялық микрочиптермен жұмыс курсы;
2018 жылы – АҚШ, New Mexico шт., Los Alamos National Laboratory, «Жаңа буын секвенциялау және биоинформатика» бағытында стажировка.
ORCID ID – https://orcid.org/0000-0001-6299-9399
Scopus ID – 56442641900
Web of Science ID- P-5334-2017
n.kozhabergen@biosafety.kz

+7(72636)7-22-28, вн. 137

 

AP09058338

Дәрілік препараттардың SARS-CoV-2 вирусына қарсы антивирустық белсенділігін in vitro зерттеу және айналымдағы COVID-19 штаммдарын молекулалық-эпидемиологиялық талдау жүргізу.

Жобалар:

Зертхананың ғылыми зерттеу бағыттары:

  • Биологиялық материалдан нуклеин қышқылдарын алу және тазалау.
  • Микроорганизмдерді ПТР және ОТ-ПТР әдістерімен идентификациялау.
  • Цифрлық ПТР арқылы мақсатты нысандардың сандық анықтамасы.
  • Арнайы олигонуклеотидтерді жобалау және синтездеу.
  • Сэнгер әдісімен ДНҚ және кДНҚ фрагменттік секвенциялау.
  • Микроорганизмдердің толық геномдық және метагеномдық (NGS) секвенциясы.
  • Микроорганизмдерді генотиптеу.
  • Генетикалық паспорттарды жасау.
  • Микроорганизмдерді электрондық микроскопиялау.
  • Диагностикалық препараттарды әзірлеу.
  • Жұмыс орнында семинарлар мен тренингтер өткізу.

Зертхананың негізгі жарияланымдары: