2020 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовпен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цоймен, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші Вице-министрі Қ.а. Өскенбаевпен, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары О.М. Смағұловпен, Премьер-Министрдің көмекшісі Б.Б. Жұматаевпен, Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі Е.Б. Омаров, Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы С.С. Акижановпен, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұ.Е. Жазылбекпен бірге Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметімен танысты. БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Дальтонқызы Закарья инактивтендірілген QazCovid-in® отандық вакцинасы туралы ақпарат ұсынды.
Иллюстративтік фото: ашық көздерден
Бұл технология вакцина жасаудың сенімді және уақытпен тексерілген технология болып табылады. Вакцинаның барлық компоненттері егжей-тегжейлі зерттелген, сенімді және қауіпсіз. Жаңа компонент – бұл вирустың өзі. Вакцина вакцинаға қатысты ауруларды тудырмайды. Сонымен бірге, оны қолдану жасушалық және гуморальды иммунитетті тудырады. Зерттеулердің алдын ала нәтижелері бойынша QazCovid-in® отандық вакцинасы қауіпсіздігінің жоғары, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетеді.
Иллюстративтік фото: ашық көздерден
Вакцинаның тоңазытқышта +2-8 ⁰С температурада тасымалданатындығы, вакцинаны барлық аймақтарға жеткізу қажеттілігіне байланысты біздің орасан зор еліміз үшін өте маңызды болып табылады.
Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіде клиникалық зерттеулердің қорытынды III фазасының басталуын мақұлдады. Бүгін ҒЗИ-да, Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында отандық вакцина алғашқы еріктілерге егілді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин «отандық вакцинамен жаппай вакцинациялау 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтар, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын қауіп-қатер тобындағылар егілетіндігін» мәлімдеді.
Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин вакциналар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндіріс қуаттылығы жылына 60 млн дозаны құрайды.
Иллюстрациялық фото: ашық көздерден
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған 60-пәтерлі көпқабатты үйдің құрылыс барысымен танысты.