Ұжымдық пайдалану зертханасы (ҰПЗ) 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Бас директордың бұйрығы негізінде «Молекулярлық биология және гендік инженерия» зертханасының базасында құрылды.
Зертхана меңгерушісі – биология ғылымдарының кандидаты, профессор Сұлтанқұлова Күлайсан Тұрлыбайқызы. «Ұжымдық пайдалану» зертханасы БҚПҒЗИ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Зертхананың негізгі мақсаты:
Жануарлардың, өсімдік сорттары мен адамның жұқпалы және жұқпалы емес микроорганизм қоздырғыштарының далалық изоляттары мен БҚПҒЗИ – ның депанирленген штаммдарын әшкерлеу, анықтау, зерттеу мақсатынды молекулалық – генетикалық әдістер бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Зертхананың негізгі функциялары:
- Молекулалық-генетикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- ЖБҒМ, АШМ, ҚР ДСМ желісі бойынша ҒТП, гранттық және бағдарламалық–нысаналы қаржыландыруға енгізілген тапсырмалар мен тақырыптар бойынша ҒЗЖ жоспарланған көлемін орындау және басқа министрліктердің тапсырмалары бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Зертханада орындалатын тақырып бейіні бойынша ҚР және басқа елдердің түрлі қорлары мен жобаларына қатысуы;
Жұмыс бағыты:
- Зерттелетін материалдан ДНҚ, РНҚ бөлу;
- Молекулалық-генетикалық әдістермен микроорганизмдерді анықтау;
- Арнайы зондтар мен праймерлерді синтездеу;
- Сенгер әдісімен ДНҚ, кДНҚ секвенирлеу;
- Бактериялар мен вирустардың нуклеотидтер тізбегін толық геномдық (NGS) және ішінара анықтау;
- Микроорганизмдерді, өсімдіктерді, жануарларды генотиптеу
- Генетикалық төлқұжат жасау;
- Жұмыс орнында оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу.
- Оқыту, тренингтер
Зертхана қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша тренингтер өткізді:
- Қауіпсіз жұмыс принциптері мен практикасы;
- Тыныс алуды қорғау бағдарламасы;
- Патогендер мен қауіпті материалдарды тасымалдау;
- Қан арқылы берілетін қоздырғыштар;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және қысымды ыдыстарда жұмыс істеуге рұқсат беру;
17-19 мамыр 2021 жылы зертхана қызметкерлері Е.Д. Бурашев, Б.С. Усербаев және А.М. Мелисбек Ion Gene Studio S5 NGS оқудан өтті.
2020 жылы «Ұжымдық пайдалану» зертханасында келесі ғылыми жобалар орындалды:
- № AP05132243 «Ақуыздарды үш өлшемді модельдеу арқылы антигендік құрылым өзгерген кезде тұмау вирусының патогенез процесін зерттеу»
- № AP05132659″ Қазақстандағы құс тұмауының молекулалық-эпизоотологиялық мониторингі»
- № 2018 – 2020 жылдарға арналған BR06249226 «Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық қауіпсіздігі: эпизоотологиялық мониторинг, аса қауіпті жұқпалы аурулардың ерекше профилактикасы мен диагностикасы құралдарын сынау, енгізу және коммерцияландыру» атты МҚБ шеңберінде «Полимеразды тізбекті реакция әдісімен нодулярлы дерматитті зертханалық диагностикалау үшін тест-жүйені өндіріске енгізу».
- «COVID-19 короновирустық инфекциясына қарсы вакцина жасау» ҒТБ. Жоба-SARS-CoV-2 коронавирусының молекулалық-генетикалық қасиеттерін зерттеу.
- № AP08856914 «Қазақстан Республикасының аумағында арбовирустардың таралу мониторингі»
- Ғылым саласында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер » мемлекеттік тапсырмасы (2021 ж., 2022., 2023 ж.)
- AP09058338 «SARS-COV-2 вирусына қарсы препараттардың вирусқа қарсы белсенділігін in vitro зерттеу және COVID-19 айналымдағы штамдарына молекулалық-эпидемиологиялық талдау жүргізу»