Оқу ғылыми-білім беру орталығы

Оқу ғылыми-білім беру орталығы (мұнан әрі – ОҒББО) ҚР ҒБМ «Биологиялдық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директорының 2020 жылғы 05 қаңтардағы № 2-ж/қ бұйрығымен, жаңа құрылымдық бөлімше ретінде құрылған.

ОҒББО алғашқы директоры болып Хайрулла Біләлұлы Абеуов тағайындалды, 2023 жылдың маусым айынан бастап Орталыққа Құдайберген Динара Шабанқызы басшылық етеді. 

ОҒББО директоры – Құдайберген Динара Шабанқызы

 

 

 

ОҒББ негізгі мақсаты – жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ұйымның қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларды, медициналық-мал дәрігерлік және фитосанитарлық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелері, емдеу-балау, фитосанитарлық орталықтар мен зертханалар, дәрілік заттарды, ветеринариялық және фитосанитариялық биопрепараттарды өндіру және сату кәсіпорындары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын тікелей ұйымда немесе басқа ұйымдарда өткізу, халықаралық және республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында Институт ғылыми бөлімшелерімен орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде көмек көрсету болып табылады.

ОҒББО-ның негізгі міндеттері – медициналық-мал дәрігерлік және фитосанитарлық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, емдеу-диагностикалық, фитосанитарлық орталықтар мен зертханалардың, дәрілік заттарды, мал дәрігерлік және фитосанитарлық биопрепараттарды өндіру және іске асыру жөніндегі кәсіпорындардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (жетілдіру), даярлау (мамандандыру) және қайта даярлау; Институттың ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлерін кәсіби білімін арттыруға, жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдерді меңгеруге ықпал ететін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету; материалдарды жинау және ғылыми журналдарды, оқу және әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды, ғылыми еңбектерді, мерзімді және сериялық басылымдарды шығару, институт қызметінің бейіні бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; отандық және шетелдік делегациялармен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шаралары болып табылады.

E-mail: unots@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 112