Жетiстiктері

Институт, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты бойынша өзінің жеке зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін қолдану арқылы Қазақстан Рреспубликасының аумағын жануарлар мен құстардың инфекциялық ауруларынан сауықтыруға зор үлесін қосты:

  • Институт ҚР агроөнеркәсіп кешенін, 17 түрлі атаулы өзекті және өте қажетті алдын алуға және балама жасауға арналған отандық өнім болып табылатын препараттармен қамтамасыз етеді, яғни, елдің импорттық өнімді сатып алу тәуелділігін болдырмайды;
  • Институт 60 аса түрлі атаулы вакциналар мен балама жасауға арналған тест-жүйелерді даярлау технологияларын әзірледі;
  • 30 аса түрлі атаулы вакциналарды жасау игерілді;
  • Ауылшаруашылығы, жабайы жануарлар мен құстардың, адамдардың 61 індетті ауруының қоздырғыштарының 604 штаммы мен изоляттарының 1600 үлгісі шоғырланған бірегей микроағзалар жинағы құрылды. Жоғарыда көрсетілген вирустардың штаммдарының санынан 13 дозалық бірлігі жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарына жатады;
  • Дәнді дақылдар жинағы құрылған және тат және септориялық ауруларға төзімді үлгілердің скринингі жүргізілді;
  • ҚР алғаш рет Институт Бүкіләлемдік культуралар коллекциясының федерациясына (WFCC) енді;
  • CYMMIT және ҚР АШМ желісі бойынша алынған дәнді дақылдардың шет елдік сұрыптарын зерделеу үшін «ҚР ген қоры» бағдарламасы бойынша жеке интродукциялық-карантиндік тәлімбақ құрылды;
  • ҚР алғаш рет вирустардың 29 штаммы мен изоляты геномының құрылымы түсіндірілді, аса қауіпті індетті аурулардың қоздырғыштарына ПТР-балама жасауға арналған 16 тест-жүйе әзірленді;
  • Тәжірибелік медицинада науқастарды трансплантация әдісі арқылы емдеу үшін қолданылатын бета-жасушаларды, гепатоциттерді және кардиомиоциттерді культивациялау және сақтау технологиялары әзірленді;
  • Ұлттық аса қауіпті індетті аурулардың ген банкінің негіздері түзілді;
  • «ХЭБ сыныптамасы бойынша А» тобындағы аса қауіпті індетті аурулардың қоздырғыштарын қолдану арқылы зерттеулер жүргізілетін ғылыми зертханаларда BSL-2 және BSL-3 биологиялық қауіпсіздік деңгейлеріне қол жеткізілді;
  • БҚПҒЗИ-ының әлемдік ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамтамасыз ететін ақпараттық-байланыстық орта құрылды;
  • ««Казахстан-15» жоғары патогенді құс тұмауына қарсы инактивтелген эмульсияланған  вакцина» ветеринариялық вакцинасы әзірленді. Айтулы вакцинаның өндірісі мен іске асырылуы Қазақстан Республикасының құс тұмауы бойынша эпизоотикалық және эпидемиологиялық жағдайға қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етті;
  • А тұмауы вирусының түршелерін биочиптік тұрғыда балама жасау технологиясы және бруцеллезге балама жасауға арналған ақуыздық биочип әзірленді;
  • А типіндегі ҚТ вирусының түршелерін идентификациялау мен типтеуге арналған ГАТР, ИФТ және НА-ПТР тест-жүйелері әзірленді, тұмау вирусына балама жасауға және оны типтеуге арналған праймерлер мен ДНҚ-зондтар жасалды;
  • Суыққа бейімделген рекомбинантты  штамм негізінде жылқы тұмауына қарсы тірі вакцина әзірленді;
  • Қазақстанда алғаш рет A/H5N1 тұмауына қарсы Kazfluvac және A/H1N1 тұмауына қарсы Refluvac вакциналарын даярлау технологиялары әзірленді, вакциналардың клиникаға дейінгі, клиникалық сынаулары жүргізілді; Вакциналар ҚР ДСМ-інде тіркелді;
  • Денсаулық сақтау саласына арналған мезгілдік тұмауға қарсы Kazfluvir үшвалентті сплит-вакцинасын даярлау технолгиясы әзірленді;
  • Адам туберкулезінің алдын алу және оған балама жасауға арналған ТВ/FLU-04L вакцинасы әзірленді;
  • ҚР ДСМ «Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы» РМК, ҚР ДСМ ЕҚММБжМТСҰО-ның, Ресей Федерациясы мен Ұлыбританияның екі ғылыми орталығында қауіпсіздігі мен иммуногендігін зерделеу бойынша клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардың I-фазасы және II-фазасы жүргізілді;
  • Бруцеллезге қарсы вакцинаның рекомбинантты штаммдары және оның негізінде жануарларда тәндік тұрғыда ерекше анық көрінетін CD4+Tx-1 жасушалық иммунды жауабы бар бруцеллездік белоктарды экспрессиялаушы векторлық вакцина әзірленді;
  • Қазақстанда алғаш рет, Алматы қаласындағы №5 және №15 поликлиника базаларында мезгілдік тұмауға қарсы үшвалентті сплит-вакцинаның клиникаға дейінгі және клиникалық сынауларының I-фазасы (44 адам), II-фазасы (300 адам) және III-фазасы (3000 адам) жүргізілді. Қауіпсіздік және иммуногендік параметрлері бойынша вакцина Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының және Еуропа фармакопеясының талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті;
  • Құстардың вирустық ауруларына экспресс-балама жасауға арналған микрочиптердің тәжірибелік сериясы даярланды;
  • А тұмауының вирусына диагностикалық сарысулар алынды;
  • Қой шешегінің рекомбинантты вирустары құрылымданды және алынды;
  • ДНҚ-маркерлер негізінде бидайдың сары татқа төзімділігінің донорлары алынды;
  • Түйе қорасанына қарсы вакцинаны даярлау технологиясы әзірленді;
  • Жылқы ринопневмониясына қарсы вакцинаны даярлау технологиясы әзірленді;
  • Ұсақ мал бруцеллезіне қарсы векторлық вакцина әзірленді;
  • Еуропалық және солтүстік америкалық генотиптегі шошқа репродуктивтік-респираторлық синдромына қарсы бивалентті вакцинаны даярлау технологиясы әзірленді;
  • Тұмау вирусына диагностикалық сарысуларды алу технологиясы жетілдірілді;
  • multocida тірі аттенуацияланған мутант штаммдарының негізінде пастереллездің алдын алуға арналған вакцина әзірленді;
  • Каприпоксвирус негізінде індетті ауруларға қарсы вакцина әзірлеуге арналған әмбебап вектор жасалды; 
  • «Neethling-RIBSP» штаммынан жасалған ірі қара мал нодулярлық дерматитіне қарсы вакцина даярлау технологиясы әзірленді;
  • Медициналық жайларды, тағам өндірістерін және ветеринариялық қадағалау нысандарын санациялауға арналған «Полифаг» дезинфекциялаушы препараты әзірленді