Республика күні қарсаңында елордада Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдерін марапаттау салтанаты өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен республикалық медициналық және ғылыми орталықтардың басшылары, дәрігерлер, профессорлар, медициналық жоғары оқу орындарының кафедра және бөлім меңгерушілері, мейірбикелер мен жедел жәрдем жүргізушілері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. 100-ден астам медицина қызметкері мемлекеттік, 1300-ге жуық адам ведомстволық наградаларға ие болды.

Марапатталғандардың қатарында – «Құрмет», «Парасат» ордендерінің, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегерлері. Марапатталушылар қатарында БҚПҒЗИ қызметкерлері де бар:

Керімбаев Аслан Амангелдіұлы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директорының міндетін атқарушы;

Жүгінісов Қуандық Дәулетбайұлы, Республикалық микроорганизмдер коллекциясы зертханасының меңгерушісі;

Папенгейм Сергей Сергеевич, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас инженері.

Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолындағы тың жетістіктер мен шығармашылық табыстар, мол шабыт және еліміздің биологиялық әрі медициналық қауіпсіздігін арттыру ісінде толағай табыстар тілейміз.

By admin