Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы көрнекті ғалым, академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай, 2024 жылдың 21-22 қарашасында «Жас Сәтбаевшылар» атты тұңғыш жас ғалымдар конгрессін өткізді.

Конгресс аясында жас ғалымдардың заманауи инновациялық әзірлемелерінің көрмесі, пленарлық форум, «ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ФЕНОМЕНІ» кітабының тұсаукесері, 8 ғылыми конференция, дөңгелек үстел және нетворкинг өткізілді.

«Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша секциялық конференцияға модератор ретінде БҚПҒЗИ«Микробиология» зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Еспембетов Болат Аманбайұлы шақырылды. БҚПҒЗИ «Микроағзалар коллекциясы» зертханасының меңгерушісі, PhD Жүгінісов Қуандық Даулетбайұлы «Түйе шешегіне қарсы вакциналардың дайындау технологиясы және оны өндіріске енгізу» тақырыбында баяндама жасағаны үшін сертификат иеленіп, с «Қ. Сәтбаевтың 125 жылдық мерей тойы» медалімен марапатталды.

Бұл конгресс жас ғалымдарға өздерінің инновациялық идеялары мен ғылыми зерттеулерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға ерекше мүмкіндік берді. Конгресс Қазақстандық ғылымның болашағына сенімді қадам жасауға серпін берген маңызды шара болды.

By admin