Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ұжымы «Індеттік аурулардың профилактикасы» зертханасының профессоры Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлының қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

   2024 жылғы 27 сәуірде 77 қараған шағында елімізде вирусология, эпизоотология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға, үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы қайтыс болды.

   Ɵз ɵмiрiн сауапты ғылымға және ұстаздыққа арнаған Жайлаубай ағаның елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнде мыңдаған шəкiрттерi бүгiнде сiздермен бiрге қабырғалары қайысуда. Жайлаубай Қыдырбайұлы сауапты iстерiмен бұл ɵмiрде ɵшпес iз қалдырды. Елге қажет маман дайындайтын еңселi бiлiм-ғылым ордаларында абыройлы қызмет атқарды.

   Ж.Қ. Қыдырбаев биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында 1996 жылдан бастап 30 жылға жуық жұмыс істеді, оның ішінде 15 жылдан астам Індеттік аурулардың алдын алу зертханасын басқарды, 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 36-сы жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған, 37 өнертабыстың және 24 нормативтік вакцина құжаттарының тең авторы.

 

Ж.Қ. Қыдырбаев өзі көп оқыды және басқаларға сабақ берді – оның зооветеринария мамандықтары бойынша дәрістері, атап айтқанда жануарлардың патологиялық анатомиясы Алматы зооветеринариялық институтының студенттері есінде, онда 1972 жылдан бастап зоология кафедрасының ассистенті лауазымынан бастап, патологиялық анатомия кафедрасының доцентіне дейін өсті, көптеген түлектерді, соның ішінде 2 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарды. Ж.Қ. Қыдырбаев АҚШ, Германия, Ресей және Түркиядағы Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

   Профессор Ж.Қ. Қыдырбаев үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы вакциналарды, оның ішінде А/H5N1 Kazfluvac және А/Н1N1 Refluvac пандемиялық тұмауына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына арналған Kazfluvir маусымдық тұмауына қарсы вакциналарды дайындау технологияларын әзірлеуге арналған нысаналы республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірқатар жобаларына жетекшілік етті және орындауға тікелей қатысты, аталған вакциналар Қазақстан, Ресей ғылыми орталықтарында клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп, ҚР ДСМ-де тіркеуге алынды.

   Соңғы жылдары ірі қара, ұсақ мал және адам бруцеллезіне қарсы векторлық вакциналарды әзірлеуге айтарлықтай үлес қосты. Халықаралық және отандық жобалардың менеджері болып ғылыми жұмыстарды атқара отырып Қазақстан аумағындағы жабайы және үй құстарының инфекциялық патологиясы мен иммундыпрофилактикасына елеулі үлес қосты.

   Ел Үкіметі Жайлаубай Қыдырбайұлының сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оны 2019 жылы «Құрмет» орденімен, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен (2016) марапаттап, ҚР БҒМ Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындады (2013-2014), «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды (Thomson Reuters).

   Соңғы күнге дейін Ж.Қ. Қыдырбаев барлық физикалық және жан-тәнімен күш-жігерін аянбай жұмсай отырып, ғылымға ең адал және жанқиярлық қызметтің, ең жоғары жұмыс қабілеттілігі мен жауапкершіліктің, мақсаттылықтың, сезімталдық пен жанкештіліктің, кез келген өмірлік жағдайға бей-жай қарамаудың үлгісі бола отырып, жұмысты бір мезгілде қалдырмады. Оның БҚПҒЗИ дамуына, ғылыми кадрларды тәрбиелеуге қосқан үлесін асыра бағалау қиын.

   Парасатты ғалым Жайлаубай Қыдырбайұлының бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады, иманды болсын! Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!

Институт әкімшілігі мен ұжымы.

By admin