2021 жылғы 29 қазанда Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының және «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының ғалымдары мен қызметкерлеріне 60 пәтерлі жаңа үш үйде пәтер кілттерін табыс етті.
Іс-шара барысында Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың институттың қызметіне, сондай-ақ қазақстандық ғылымның COVID-19-ға қарсы күрестегі жетістіктеріне жоғары баға бергенін атап өтті. «Ғылым мен ғалымдарды қолдаудың, сондай-ақ БҚПҒЗИ мен «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңыздылығы басым болып табылады және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында», – деп атап өтті Бердібек Машбекұлы.
Жаңа үйлердегі пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев әлеуметтік тұрғын үй мәселесін шешу БҚПҒЗИ мен «OtarBioPharm»биофармацевтикалық зауытының ғылыми қызметкерлері үшін маңызды оқиға және мықты қолдау болғанын айтты.
Жамбыл облысының әкімдігі ғалымдар мен ұйым қызметкерлері үшін мерекелік концерт дайындады.
Өз кезегінде, «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты және биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен қызметкерлері мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жамбыл облысының әкімдігіне өздеріне көрсетілген сенім мен көмек, жан-жақты қолдау бергендері үшін, шын жүректен алғыстарын білдірді!