«QazCovid-in» коронавирусына қарсы отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұжымдарымен кездесу өткізіп, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті және қазақстандық ғылымның дамуы туралы айтты, деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.

Бас спикерлер биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері: бас ғалым хатшы Хайрулла Абеуов, «Жасушалық биотехнология» зертханасының меңгерушісі Азиз Наханов және «Молекулалық биология және гендік инженерия» зертханасының бас ғылыми қызметкерінің міндетін атқарушы Ольга Червякова болды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова команданы отандық вакцинаның алғашқы партиясын өндіріске енгізулерімен құттықтап, ғылыми қызметтеріне табыс тіледі:

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басты міндеттерінің бірібалалардың алған білімдерін идеяларға толтырып, оларды тәжірибеде қолдану. Бүгінгі таңда біздің студенттердің үлесінде 100-ден астам түрлі патенттері бар. Олардың көпшілігі биотехнология саласындағы ғылыми жобалар мен өнертабыстар. Балалар ғылымға ерекше қызығушылық танытады. Бүгінгі кездесу жас зияткерлер үшін пайдалы болатынына сенімдімін.

Одан әрі спикерлер тыңдаушыларды зерттеу институтының жұмыстарымен, оның ішінде, қазіргі кезде көпшілікке мәлім биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, микробиология және иммунология салаларындағы ерекше жаңалықтарымен таныстырды. Орталық, аса қауіпті вирустық ауруларға қарсы препараттарды өндірумен жіте айналысады. Вирусолог ғалымдар 60-тан астам вакциналар мен тест жүйелерін жасап, қолданысқа енгізді. Сондай-ақ, олар биологиялық қауіпсіздік құралдары мен әдістемелерінің авторлары болып табылады. Кездесу барысында ғалымдар вирусқа қарсы препараттарды дайындау процесі мен клиникалық зерттеулердің кезеңдері туралы айтып берді.

Спикерлер жаппай вакцинацияның және эпидемиямен күресте ұжымдық иммунитетті құрудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде мемлекет ғылымға ерекше көңіл бөліп отыр. Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Пандемия әлемдегі вирусологтардың қажеттілігін көрсетті. Вирусологиябұл өзіндік құпиялары бар өте қызықты сала. Сіз таңдаған мамандыққа қызығушылық танытып, мақсат пен міндеттеріңізді қоя білуіңіз керек. «Егер мен мұны жасамасам, оны кім жасайды» деген сөз тіркесі, өмір қағидасы болуы керек. Ел болашағы білімді жастардың қолында, – деді Хайролла Әбеуов. 

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында өндірілген қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді. «QazCovid-in» вакцинасын жасап шығару, біздің елімізге, коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакциналарын әзірлеген елдердің бестігіне кіруге мүмкіндік берді.

https://bilimdinews.kz/?p=151644

By admin