Ағымдағы жылдың маусым айының басында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына жұмыс сапарымен келді. Премьер-Министрдің жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының бірі Институт ғалымдары үшін 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы болды.
2020 жылдың 01 тамызында Гвардейский қала типтес кентінде Институт ғалымдарына арналған 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тапсырыс беруші: «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы»
Мердігер: «Базис ДорСтрой» ЖШС
Жобалаушы: «Табыс Жоба» ЖШС, ГСЛ-ПИР №1059
Техникалық қадағалау: «DACO Инжиниринг» ЖШС
Құрылыстың басталуы: 2020 жылдың 01 тамызы
Құрылыстың аяқталуы: 2020 жылдың 31 желтоқсаны
Айтулы тұрғын үйдің құрылысы ғалымдар мен мамандарды сақтау, сондай-ақ жас мамандарды тарту жөніндегі тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.