БҚПҒЗИ қызметкерлері, атап айтқанда: Абитаев Р.Т, Исабек А.Ұ., Мелисбек А.М. және Бопи А.Қ. ғылыми тағылымдама аясында Оңтүстік Кореяда Халықаралық вакцина орталығында біліктілігін шыңдады. 2024 жылғы стандартты практика бойынша кіріспе курсы (GxP курсы) вакциналар мен биомедициналық өнімдерді әзірлеу және өндіру саласындағы халықаралық сапа стандарттарына негізделген, соның ішінде тиісті клиникалық, өндірістік және зертханалық практикаға (GCP, GMP, GLP – бірге GxP) сәйкес оқытуға, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздіктің негіздеріне бағытталған. 3 апта уақыт аралығында өткен курс бойынша, БҚПҒЗИ қызметкерлері GCP емтиханынан жоғары көрсеткіш көрсетіп, «Стандартты тәжірибеге кіріспе «GxP» 2024» сертифакаттарын иеленді.
Алынған білім халықаралық GxP талаптарына сәйкес биотехнология және биоөндіріс саласындағы вакциналарды әзірлеу және енгізуде соңғы технологияларды және практикалық дағдыларды енгізуге жол ашады.