2024 жылғы 23 қаңтарда Саратов қаласында Ресей мен Қазақстан аумақтарында биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша екі жақты ведомствоаралық консультациялар өткізілді. Одан әрі ынтымақтастықтың нақты бағыттарын қоса алғанда, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уағдаластықтарды іске асыру қаралды. Осы саладағы, оның ішінде тиісті консультативтік тетікті қалыптастыру жолымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және оңтайландыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның бастамалары бойынша шекара маңындағы аудандарда аса қауіпті инфекциялардың мониторингі жөніндегі бірлескен топты ұйымдастыру және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық Агенттікті құру туралы пікірталас өтті.
Кездесу Ресей мен Қазақстанның биоқауіпсіздік мәселелеріне көзқарастарының бірлігін растады. Екіжақты форматта да, бейінді көпжақты алаңдарда да, ең алдымен биологиялық және токсиндік қаруға тыйым салу туралы Конвенция және БҰҰ Бас Ассамблеясы, сондай-ақ ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ шеңберінде одан әрі тығыз үйлестіру және сындарлы өзара іс-қимыл жасау қажеттігі атап өтілді.
Аталған іс-шараға Сыртқы істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі сияқты түрлі министрліктердің өкілдері қатысты. Біздің Институттың мүдделерін жұқпалы ауруларды балау зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Қошеметов Жұмағали Қаукарбайұлы білдірді.
Кездесу нәтижесінде биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы консультативтік іс-шараларды өткізу туралы шешім қабылданды.