2022 жылғы 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумы өтті. Іс-шараға көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және т. б. қатысты.
Аталған іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.
Форум барысында «ғылым және білім», «мәдениет және спорт», «медицина және волонтерлік», «өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», «технология және бизнес» және «ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттау өтті.
Отандық медицинаның дамуына қосқан зор үлесі үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Закарья Кунсулу Дальтонқызы «Медицина және волонтерлік» номинациясында «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» марапатына ие болды.