2021 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин жұмыс сапары шеңберінде биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен иммундық-биологиялық препараттар шығаратын «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытында болды.
Премьер-Министрдің жұмыс сапарында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б. Атамқұлов, энергетика министрі М. М. Мырзағалиев, денсаулық сақтау министрі А. В. Цой, мәдениет және спорт вице – министрі Е. М. Еркінбаев, «Азық – түлік корпорациясы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С. Қ. Омаров және басқалар болды.
Премьер-Министр «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының учаскесіне барып, QazVac отандық вакцинасын өндіру үдерісімен танысты. Сапар барысында Премьер-Министрге BSL-3 жағдайындағы өнеркәсіптік көлемдегі субстанцияларды шығару бойынша зауыттың өндірістік цехының 2-ші кезеңін салу процесі ұсынылды. Асқар Ұзақбайұлы Мамин, сондай-ақ, Институт қызметкерлері үшін салынған тұрғын үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.