2021 жылғы 04-06 мамыр аралығында «Генетика және физиология институты» РМК бас директоры Л.Б. Джансугурова, «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» РМК бас директоры К.О. Шарипов, «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» РМК бас директоры К.Ж. Жамбакин, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры Е.М. Раманкулов, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Т.С. Нұрғожин, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-ының зертхана меңгерушісі З.Т. Шульгау және «М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері А.М. Дмитровский Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетовтың 2021 жылғы 04 мамырдағы № 780/16-7 тапсырмасын орындау мақсатында БҚПҒЗИ-ға жұмыс сапарымен келді.

 

 

Бұл сапардың мақсаты GMP халықаралық стандартына сәйкес салынып жатқан зауытта өндірістік алаңды сертификаттау бойынша тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, ғалымдар БҚПҒЗИ-да коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazCovid-in вакцинасын өндіру мәселелерімен танысты.

 

By admin